Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бізді кемел болашақ күтіп тұр

Бізді кемел болашақ күтіп тұр


Менің көкейімде тұрған жалғыз сұрақ – «Неге біз есірткіге тәуелдіміз?», «Неге біз ішімдікке, шылым шегуге, алкагольдік заттарға және де басқада адам ағзасын улайтын нәрселерге мұншалықты тәуелдіміз». Неге? Есірткіні бір рет немесе жәй ғана иіскеген адам соған тәуелді болып қалады. Сол есірткінің кесірінен өзіміздің санамызды өзіміз улап жатырмыз. Есірткіге тәуелділіктің зардабынан қаншама отбасы ойрандалып, қаншама адамның өмірі қиылған.
Қоғам дертіне қарсы шығу жолында қаншама мекемелер, қаншама мектептер атсалысып «Есірткіге қарсымыз» тақырыбында мәдени іс-шаралар өткізіліп, оқушылардың сана сезімдерін тазартуда. Алайда, есірткінің беті қайтар емес. Қазіргі кезде екінің бірі есірткіге қарсы күресуде.
«Денсаулығым жақсарсын», «мен есірткі қолданбаймын», «есірткіге тәуелді емеспін», «есірткіге қарсымын» деген жан спортпен шұғылдануы керек. Спорт – адам өмірінің бас­ты қағидасы. Спортпен шұғылданғанда денсаулық жақсарады. Ал денсаулық жақсы болса, барлығына қарсы тұруға болады. «Спорт – денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Соның арқасында есірткімен күресеміз. Есірткіге қарсы тұру үшін, бізге тек қана мықты денсаулық қажет. Сол үшінде спортпен шұғылданған дұрыс.
Біздің болашағымыз жарқын. Бізді кемел болашақ күтіп тұр. Біздің өміріміз есірткісіз өмір. Алайда, мен өз болашағымнан кейде қорқамын. Мені болашақ өмірім кейде алаңдатады. Себебі, қазіргі таңда көптеген зиянды заттардың кесірінен адамдар өзгеруде. Жаман жаққа қарай бет бұруда. Алдағы уақытта есірткіге қарсы тұрып, өз болашығымды жақсартамын. Болашағым жарқын болу үшін бәріне дайынмын. Біздің өміріміз бәрімен байланысты. Сондықтан болашағымыздың кемел болуы үшін алдымен есірткімен күресу қажет.
Біз жас ұрпақ Қазақстанның жақсарып, дамуына қажырлы еңбегіміздің арқасында өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз. Біздің болашығымыз жарқын.
Түсінбеймін.
Есірткіге тәуелдіміз біз неге.
Тәуелдіміз зияны көп нәрсеге.
Сол бір нәрсе санамызды улайды.
Сол бір нәрсе жүрегімді қинайды.
Есіртуі ол не
Түкке де тұрмайтын
Жәй ғана бір итерсең құлайтын.
Қарсы тұрсақ мәңгілікке қирайтын.
Есебі жоқ, жәй ғана зат екен ғой.
Қарсы тұрам десең егер ұмтылып,
Мүмкін сонда қиналмассың, ентігіп.
Шұғылдансаң спорт деген, жақсымен,
Ұмытарсың есірткіні мәңгілік.
Өз-өзіңді жинақтарсың сол кезде.
Жинақталар ой да сана сезім де.
Спорт сені шақырады жеңіске,
Ұмтылдырар әділетке әдепке.
Сонда ғана жойылады есірткі,
Сонда ғана тазарады жүрек те.

Фариза Жұматаева,
№131 Талғат Қозыбаев атындағы
мектептің 8-сынып оқушысы
21 қараша 2018 ж. 1 867 0