«Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу шарасы өтті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің ұжымы және Жастар ресурстық орталығының еріктілері тал егу шарасына белсене қатысты.Шараның негізгі мақсаты-қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және табиғатқа деген жанашырлықты арттыру. Ұжым мүшелері ортақ іске үлес қосып, туған жердің көркеюіне атсалысты.
Табиғатты аялау-баршамызға ортақ міндет. Бүгін егілген әрбір тал болашаққа қалдырылған игі мұра деп білеміз.Тазалық пен табиғатты қорғау-әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігіміз!
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі










