ЖАСТАРДЫҢ САНАСЫН УЛАЙТЫН ҚАСІРЕТ
Есірткі елдің есін алатын, түрлі зұлымдықтар тудыратын аса қауіпті індет және қоғамның дамуын тежейтін қасірет. Бүгінгі таңда нашақорлыққа қатысты қылмыстар заңмен қатаң жазаланады. Оның алдын алу мен болдырмау бағытында мемлекет тарапынан кешенді шаралар жүргізілуде. Нашақорлық жас ұрпақтың санасын улайтын ғасыр дерті. 2018 жылдың 1 маусым-30 қазан аралығында республика көлемінде «Көкнәр-2018» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Маусым айында осы қылмыс бойынша үш дерек анықталып, бір адам қамауға алынды. Екі дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұған қоса учаскелік полиция инспекторлары мен шаруашылық серіктестіктері арасында есірткі алқаптарын анықтау, есірткі қылмыстарының заңсыз айналымына қарсы ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қоғам болып қарсы тұрғанда, оны жүйелі жоюдың жолы қалыптасады.
Е.САҒИДОЛЛАҰЛЫ,
аудандық ішкі істер
бөлімінің басшысы