Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданы бойынша кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сырдария ауданы бойынша кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары аудан аумағындағы сауда нүктелерінде кәсіпкерлермен кездесіп, салық заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шара барысында қызметкерлер сауда объектілерінде бақылау-касса машиналарының қолданылуын және сатып алушыларға фискалды чектің берілуін қарады. Сонымен қатар кәсіпкерлерге арнайы салық режимдерін қолдану, салықтық есептілікті тапсыру және салық төлеу мерзімдері түсіндірілді.

Кәсіпкерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берілді. Салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген талаптарды сақтау, әрбір сатылым бойынша чек беру және салықтық міндеттемелерді уақытылы орындау қажеттігі ескертілді.

Басқарма қызметкерлері бұл іс-шара салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға және адал бизнес мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
19 қараша 2026 ж. 27 0