Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Өмір – адамға берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ өмір сүруінің негізі ол денсаулық. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалтсаң табу өте қиындықпен келетін, оны толмас асыл қазына. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған басты мәселе ол адамдардың денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін бірден-бір жағдай адам ағзасын улайтын, шірітетін зиянды әрекеттерді жасау. Бұл жерде шылым шегу, ішімдік, нашақорлық, есірткі және тағы басқалары.

Халқымыз «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың жаны сау» деп бекерге айтпаса керек. Өкінішке орай, қазіргі күні адамдар нашақорлық, ішімдік, есірткі, темекі деген нәрселерге әуес болып келеді. Сол зиянды заттардың қолданысынан қаншама қолданушылар ауыр ауруларға шалдығып жатыр. Асылында, әр адам баласы өз денсаулығын жақсартуға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулық – бақытты болудың алғы шарты. Алғаш рет «наркотик» деген анықтаманы сезгіштікті жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек елшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавди Гален де қолданған. Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «пачке» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны білдіреді.

Есірткі – адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге душар болады. Есірткіні қолданудың негізгі себепкері ретінде білімсіздік, қызығушылық, жаман достардың қысым жасауы, әуестік дегендер жатады. Есірткі қолданатын адамды мына белгілерден білуге болады: адамның дәрілерді жасыруға тырысуы; терісінде қарайған немесе көгерген ине іздерінің болуы, көктамырдың үстінде не айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы, көз қарашығының үлкеюі, адамның бос жерге қарап отыруы, нашақорлардың жаргон тілін білуі және т.б.

Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екендігін мойындап, өздігімізден білім алу арқылы сананы соған бағыттап отыруымыз қажет. Себебі, мемлекетіміздің күш-қуатының артып, халқымыздың әл-ауқатының  жақсаруы үшін оған дені сау, білімді, мәдениетті ұрпақ керек. Сондықтан  сен өз болашағыңды ойла.


№174 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Есенғараева Гүлнафис
#УПНДПКЗО
20 қаңтар 2021 ж. 825 0