Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Нашақорлық - бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдын алған жөн.

Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі жастардың есірткіге тәуелді болуы. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады. Бұл ауруға Қазақстан халқының шалдыққаны да байқалады. Негізінен, есірткіні қолданушылардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Себебі, жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді ғой деген оймен, оған соңында қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады.  Міне, есірткіге тәуелді болу деген осы. Есірткі ағымының мақсаты – мемлекетті ұлттық санасынан айырып, есірткіге тәуелді,яғни, отарға айналдыру. Есірткінің әсерінен мемлекет ішінде көптеген қылмыстар орын алуы мүмкін.Оларға: жезөкшелік, парақорлық, құмарлық, зорлық-зомбылық,адам өлтіру,суицид және тағы басқалары жатады. Ұятсыздық,санасыздық деген жаман ағымдарды қолдайтын, әртүрлі идеология таратып, мемлекеттің менталитеттік, мәдени құндылықтардан алыстататын, жастарды топтарға бөліп, оларды бір-біріне қарсы қойып, араздастыратын, жастарды жануарлар қатарына, тіпті, одан төменгі деңгейге дейін түсіретін мәдениет – есірткі мәдениеті деп аталады. Қазіргі уақытта есірткі айналымына барлық елдерде шектеу қойылған. Біздің елімізде де есірткіні пайдалануға қатаң түрде тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Оларға: гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиынжәнетағы да басқазаттаржатады.

Есірткімен күресу адамзат ұрпағының бүгінгі таңдағы көкейтесті басты мәселелерінің бірі екендігі даусыз. Сондықтан онымен күресу, одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы. Есірткі –еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде еліміздің болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.

Мен өз әжемнен осы есірткіге байланысты бір болған оқиға айтып берді. Мен бұл оқиғаны жылап отырып тыңдадым. Қызылорда облысында осыдан он жыл бұрын болған екен. А есімді бойжеткен мектепті бітірген жылы жақын маңдағы ауылдың жігіті көршілерінің туысы екен. Қызды сырттай бақылап жүріп, бір күні түстен кейін дүкенге барып келе жатқан бойжеткенді алып қашады. Қазақ сорлы босаға аттаған соң 18 жасар қызын сол жерге тастап кете береді. Екі үш жыл өткен соң дүниеге біріннен соң бірі екі ұлды дүниеге әкеледі. Баста ата-анасымен бірге тұрғаннан соң ешқандай жаман қылығын көрмейді. 5 жылдан кейін Қызылорда қаласына бөлек шыады. Бір жыл өтер өтпестен күнде ішімдікке салынып келіп әйелін ұрып соғады. Келіншек екі ұлы үшін ешкімге айтпай азапты күндерді басынан өткізебереді. Содан анасы өзі іздеп барса бет-аузынан дым жоқ, көк ала торғайдай ғылып ұрып тастаған. Сұраса ештеңе айтпайды. Сөйтіп бір ай өткен соң анасы тағы барады. Тағыда алдыңғы барғандай болып отырған қызын көріп, екі баласымен үйіне алып кетеді. Күйеу баласы арақты қоямын, жаңылдым деп кешірім сұрап алып кетеді. Кешірім беріп жібереді. Бірақ өкініштісі арақ пен қосып есірткі пайдаланады екен.  Емделуге ауруханаға жатқызыды. Содан он жыл өткен соң мен адам болдым жаңадан үй салдым екі баламмен әйелімді алып кетемін деп, алып кетеді. Балалары өсіп оқуға түседі. Әйелі нан пісіретін жерге жұмысқа тұрып жұмыс істей бастайды. Бір ай өткеннен кейін үйде ешкім жоқта жолдас жігіттерін әкеліп баяғы әуеніне басады. Әйелі мен балалары кешке қарай үйге келсе отағасының өлі денесін тауып алады. Сөйтіп есірткінің кесірінен бір үйдің ер азаматынан айрылды.  Бірге отырған жолдастары пышақтап кеткен екен. Жас  әйел жесір, екі бала жетім қалды деп әңгімесін аяқтады.

Қорыта келе біз білетін, білмейтін қаншама есірткімен айналысатын адамдар бар екен деп ойладым. Студенттер мен оқушыларға есірткі жайлы көп мәлімет беру керек. Алып ұшып тұрған бозбала мен бойжеткендер неге болсада қызығып, опық жеп қалады. Барлығы әлеуметтік желіде көп отырады. Бір аллаға тапсырдым. Қазақ елімді жамандықтан сақтай көр!

Қызылорда облысы,  Сырдария ауданы
  №137 орта мектептің 9 «Б» сынып оқушысы
                                        Сұлтанбекова Асылай
                                                                    Жетекші мұғалімі: Жоламанова Гүлсім
#УПНДПКЗО
20 қаңтар 2021 ж. 881 0