Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тіл мәртебесі – ел мерейі

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Өркениетті елдер мемлекеттік тілін ту етіп көтереді. Себебі мемлекеттік тіл елдің шығу тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен тарихи құндылықтарын дәріптейді.

1991 жылы Қазақстан Республикасы егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы, демократиялық мемлекет атанған соң дербес құқықтық мемлекет құрдық. Осы сәттен бастап ана тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Түрлі бағдарламалар қабылданып, еліміздің барлық өңірінде іс-шаралар мен басқосулар ұйымдастырылды. Соның негізінде қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейді.

Бүгінде Сырдария аудандық полиция бөлімінде де мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру жұмыстары жүргізіліп келеді. Құқық қорғаушылардың қатысуымен алдағы уақытта да тиісті жұмыстар жүргізіле береді. Біздің міндет қоғам тыныштығын қамтамасыз етумен қатар, мемлекеттік тілде қатесіз іс-қағаздар толтыру болып табылады. Жалпы кәсіби сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы ана тілімізге жанашырлықтан басталады.

Ербол ЖАНӘЛИЕВ,
аудандық полиция бөлімі
бастығының орынбасары
21 желтоқсан 2020 ж. 512 0