Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІЛ МӘРТЕБЕСІ-ЕЛ МЕРЕЙІ

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ-ЕЛ МЕРЕЙІ


Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде, мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде елімізді «Қазақ мемлекеті» деп атайтын боламыз» - деген болатын. Сол арманға жету жолында мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. Сонымен қатар, қай тілді қолданатыны азаматтың өз құқығында. Дегенмен, заңмен бекітілген мемлекеттік тілді білу және сөйлеу әрбір азаматтың мәдениетін көрсетеді.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттары мемлекеттік тілде болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметте де қазақ тілінің қолданысы арта түсуде. Бүгінде хат-хабарларды тек мемлекеттік тілде жолдау қолға алынып отыр. Ресми қағаздарды сауатты толтырып дайындау үшін кәсіби жетілдірілген қазақ тілін қолдану қажет. Бұл жерде жазу мәдениетінің рөлі орасан зор. Әр хаттың бойында реттілік, жүйелілік, түзулік, тәртіптілік, сәйкестік, тағы-тағы мағыналық реңктердің болуы тиіс. Оған да көңіл бөлу міндет болып отыр.
Ал, тіл ұлттық мәселе болғандықтан, оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Тіл меңгеруде отбасының рөлі ерекше, әр ата-ана балаға уыз шағынан қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл мәселеде өз шешімін табады.
Меңдігүл АСАН,
аудандық соттың жетекші маман-баспасөз хатшысы
28 қаңтар 2018 ж. 2 808 0