Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келеме?

Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келеме?

Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келеме? Олай болса мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеңіз.

Ал, тіркеу жолын әдеттегідей парақшамыздың #oqy&toqy айдарында айтып береміз. Бұл бірлестік ХҚО арқылы тіркеледі және ол үшін:

-Алдымен кез-келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
-Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
-Операторға келесі құжаттарды ұсыну арқылы өтініш қалдырыңыз:
-Көпқабатты үйдің тұрғындары мен үй-жайлары иелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы
-Меншік иелерінің жарғысы немесе типтік жарғы негізінде жұмыс істеу жайлы өтініш
-Қызмет ақысының төленгені туралы түбіртек

☝Ескерту, ХҚО-ға өтініш беру үшін, тіркелетін меншік иелері бірлестігінің төрағасы келсе жеткілікті.
-Қызмет құны - 1 АЕК (2 778 тг.)
-Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есептемегенде - 10 жұмыс күні.
Керегеңіз кең, шаңырақтарыңыз биік болсын!
07 желтоқсан 2020 ж. 434 0