Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Куәліктерді қайта алу мерзімі 50-ден 15 күнге дейін қысқарды

Куәліктерді қайта алу мерзімі 50-ден 15 күнге дейін қысқарды


Қазақстанда азаматтық хал актілері туралы анықтамалар мен куәліктерді (туу туралы, қайтыс болғаны туралы, некені тіркеу немесе ажырасу туралы, сондай-ақ аты-жөнін ауыстыру туралы куәліктер) қайта алу мерзімі 50-ден 15 жұмыс күніне дейін қысқартылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановқа сілтеме жасап.
«Бұрын туу туралы куәлікті қайта алу үшін өзіңіз дүниеге келген қаланың ХҚО-сына өтініш берсеңіз, 5 жұмыс күні қажет болатын. Ал, егер сіз Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туып, Астанада тұрсаңыз, дайын құжатты 50 күнге дейін күтуіңізге тура келген», - деп жазды Абылайхан Оспанов Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, енді дайын құжатты 15 жұмыс күні ішінде алуға болады.
«Біз Әділет министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дағы әріптестерімізбен бірлесіп, ХҚО Интеграцияланған ақпарттық жүйесі мен Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) ақпараттық жүйелерін біріктірдік. Осының арқасында куәліктерді немесе анықтамаларды қайта дайындауға берілген өтініш ХҚО-дан тууы тіркелген АХАТ бөліміне бірден түседі. Енді дайын құжатты 15 жұмыс күні ішінде алуға болады. Біз бұл мерзімді 5 жұмыс күніне қысқартқымыз келіп отыр. Бұл жаңашылдық Қазақстанның барлық аумағында енгізіледі», - деп түсіндірді мемлекеттік корпорация басшысы.
Былтыр қазақстандықтар азаматтық хал актілері туралы анықтамалар мен куәліктерді қайта алуға  328 239 өтініш берген. 
www.inform.kz
27 сәуір 2018 ж. 810 0