Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер


Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық Кодексі, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңы, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»  ҚР Әділет министрінің Бұйрығы және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 233 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мынадай:
Заңды тұлғаларды, филиалдарды және өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу:
- қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
 - саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;
- порталда – акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.
Заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілдіктерді мемлекеттік қайта тіркеу:
- қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
- саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;
- порталда: қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), шетелдік коммерциялық емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік қайта тіркеу бір жұмыс уақыты ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады).
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу:
- жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ үлгілік болып табылмайтын жарғының неізінде қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
- порталда: заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу өтінішті берген кезден бастап бес жұмыс күнінде көрсетіледі
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу:
порталда:
- заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса беріле отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тапсырылған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияға:
- заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша бес жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыру енгізілді. Яғни, әрбір кәсіпкер мемлекеттік қызметті үйден шықпай ала алады. Осындай кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін кәсіпкер мемлекеттік бажды электрондық үкімет шлюзы арқылы төлейді. Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімдері қағаз нұсқасы арқылы тапсырылатын тәртіпте жүзеге асырылады.
Қорытындылай келе, заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген тәртіп негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
                                                                           Н.Дайрабаев,
Сырдария аудандық Әділет
басқармасының басшысы, Заңгерлер
қоғамдық бірлестігінің мүшесі       
29 қараша 2018 ж. 1 633 0