Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер


Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының  Әділет  Министірлігі,  Әділет Департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері бірталай мемлекеттік қызмет көрсетеді, соның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясының» бөлімдері  арқылы Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу); жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ  акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың  филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды  мемлекеттік тіркеу; заңды тұлға қызметінің тоқтатылуың мемлекеттік  тіркеу; Заңды тұлғаның филиалын өкілдігін есептік тіркеуден шығару; - қызмет түрлері жатады.
Заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық Кодексі, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңы, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің Бұйрығы және басқа да номативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады.                                                                             
Нақты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер әділет органдарымен нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылуы тиіс. 
Мысалы, қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
- саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;
- қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
- саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;
- жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ үлгілік болып табылмайтын жарғының неізінде қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі; порталда: заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу өтінішті берген кезден бастап бес жұмыс күнінде көрсетіледі.
- заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша бес жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі; порталда: заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса беріле отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тапсырылған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыру енгізілді. Яғни, әрбір кәсіпкер мемлекеттік қызметті үйден шықпай ала алады. Осындай кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін кәсіпкер мемлекеттік бажды электрондық үкімет шлюзы арқылы төлейді. Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімдері қағаз нұсқасы арқылы тапсырылатын тәртіпте жүзеге асырылады.
Қорытындылай келе, заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген тәртіп негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
 Н.Дайрабаев,
Сырдария аудандық Әділет
  басқармасының басшысы                                                                                                
26 қазан 2018 ж. 1 027 0