Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық кезеңнің жеңімпазы атанды

Облыстық кезеңнің жеңімпазы атанды

"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта жас тарихшылар арасында байқау өтті.

"Менің кіші Отаным" деп аталған ІІІ республикалық интеллектуалдық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңіне қатысқан №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Нұрбек Әбласан жеңімпаз атанды.

"Менің кіші Отанымның болашағы" номинациясы бойынша жүлдегер атанған Нұрбектің жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Кенжегүл Тұрғанбекова.

Айта кету керек жас тарихшы алдағы уақытта болатын республикалық конкурсқа қатысады. Сәттілік серік болсын, жас дос!
Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
15 қазан 2020 ж. 300 0