Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҒЫЛЫМИ-ЖОБА ҮЗДІКТЕРІ

ҒЫЛЫМИ-ЖОБА ҮЗДІКТЕРІ


Жаңа жылдың алғашқы айында ауданның білім саласы айтарлықтай жетістікке жетіп үлгірді. Білім бәсекесінде өз бақтарын сынаған оқушылар мен ұстаздардың еңбегі зор. Үнемі ізденіске машықтанған олар аудан мерейін асқақтатуға өз үлестерін қосуда. Осы орайда республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне ауданымыздан 18 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Білім мен ғылымды ұштастыра білген жүлдегерлер қатарында №36 мектеп-лицейдің 3 сынып оқушысы биология пәні бойынша А.Айғали ІІ орын, №42 мектеплицейдің 6 сынып оқушысы математика пәні бойынша Ф.Ғабитқызы ІІ орын, №129 мектеп-лицейдің 3 сынып оқушысы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Ж.Нәби ІІ орын, №147 орта мектептің 3 сынып оқушысы А.Файзуллаев экология пәні бойынша ІІ орын, №132 орта мектептің 3 сынып оқушысы медицина секциясы бойынша А.Советбек мен Ж.Қаймолдаева ІІ орын, №37 мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы А.Әділхан физика секциясы бойынша ІІІ орын, №36 мектеплицейдің 7 сынып оқушысы Г.Жөргенбаева қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша ІІІ орын, №210 орта мектептің 6 сынып оқушысы информатика секциясы бойынша Ұ.Құрманғазин ІІІ орын, №130 орта мектептің 4 сынып оқушысы психология секциясы бойынша Ә.Бүркітбай ІІІ орын, №130 орта мектептің 4 сынып оқушысы Сая Нұрхан этномәдениеттану секциясы бойынша ІІІ орын, №139 орта мектептің 7 сынып оқушысы Н.Құрымбай тарих секциясы бойынша ІІІ орын иеленген аудан оқушылары болды.

Балтабай Ордабеков
19 қаңтар 2019 ж. 1 649 1

Гость JeaOrer от 26 ақпан 2019 00:10
Amoxicillin For Pink Eye Order Neurontine Overnight viagra Fluconazole No Prescription Cialis E Fecondazione Assistita Keflex Uti Treatment