Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Пән олимпиадасының жүлдегерлері

Пән олимпиадасының жүлдегерлері

Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен қысқы каникул күндері Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебі» базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі өтті.

Облыстық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша ауданның 5 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша №210 орта мектептің 11 сынып оқушысы Гүлнұр Еркінқызы (жетекшісі М.Қалымбетова) ІІІ орын, №44 орта мектептің 10 сынып оқушысы Айдана Қожақова (жетекшісі Г.Құлымбетова) ІІІ орын, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша №36 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Еркебұлан Сағатбаев (жетекшісі Р.Есбаева) ІІ орын, биология пәнінен №36 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Жансая Әлтаева (жетекшісі Ү.Батишева) ІІІ орын, №44 орта мектептің оқушысы Арайлым Кенжебекқызы (жетекшісі С. Ахметова) ІІІ орын иеленді.
Білім бәйгесінде топ жарған оқушылардың жетістіктеріне бәрекелді дейміз.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
10 қаңтар 2020 ж. 1 338 0