Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бастауыш сынып оқушысы жүлдегер атанды

Бастауыш сынып оқушысы жүлдегер атанды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, COVID – 19 пандемиясына байланысты алғаш рет онлайн режимде 2-4 сынып оқушылары арасында "Бастау" ХІІІ республикалық математикалық турнирін өткізді.

Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.

Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 141 қатысушы бәсекеге түсіп, 47 команда бақтарын сынады.

Турнирдің республикалық кезеңі ZOOM платформасының көмегімен онлайн режимде үш тур бойынша өткізілді:

•«Әу, баста» (командалық есеп);

•«Асық» (командалық есеп);

•«Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).

№37 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушысы Аян Русланұлы турнирдің аудандық, облыстық кезеңдерінен жүлделі І орынды иеленіп, республикалық кезеңіне қатысып, тамаша жетістікке қол жеткізді. Ол бүкіл Қазақстаннан жиналған 141 баланың ішінен суырылып шығып, жүлделі І орынды иеленіп, математикалық қабілеті мен білімін көрсетті. Аянның жетекшісі жоғары санатты, педагог-зерттеуші бастауыш сынып мұғалімі – Роза Сейтасқарова.

Турнирге Қызылорда облысы бойынша қазақ тобынан 3 оқушы, орыс тобынан 3 оқушы қатысып, командалық есеп бойынша Қызылорда облысы гран-при иегері атанды.

"ТТ" ақпарат
26 маусым 2020 ж. 776 0