Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

Өнердің бірнеше түрінен ұйымдастырылған, атап айтқанда ән, би, көркем сөз оқу, қолөнер, сурет салу байқауына кент пен барлық дерлік ауылдан өнерпаз балалар қатысты.
Байқауға «Сырдария» қоғамдық қорының төрайымы Н.Керейтбаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы А.Бейсенова, аудандық газеттің жауапты хатшысы Ш.Нұрсейітов, аудандық мәдениет үйінің әдіскері А.Әуезова қазылық етті.
Байқауда балалар жақсы өнер көрсетті. Соның ішінде ән мен көркем сөз оқу номинациясы бойынша бас жүлде белгіленді. Оны бесарықтық Нариман Әлібекұлы мен іңкәрдариялық Қанат Әбілжаппаров жеңіп алды. Ал ән, би, көркем сөз оқу, қолөнер, сурет салу бойынша нағилық Айгерім Бахуаддин, асқарлық Ақмаржан Туарбек, жетікөлдік Бағым Жарылқасын, тереңөзектіктер Ақниет Нұрадин, Данияр Кенеханов бірінші тұғырдан көрінді. Ал екінші орынды нағилық Нариман Мұратов, шіркейлілік Нұрайым Камал, жетікөлдік Гүлдана Маратқызы, тереңөзектік Нұрсұлтан Шырынханов, іңкәрдариялық Ахмет Нұржанұлы жеңіп алса, үшінші орынды нағилық Жаңыл Ерланқызы, ақжармалық Гүлназ Әлайдар, шағандық Айсұлтан Өтеген, тереңөзектік Әсет Қалекеев иеленді. Сондай-ақ өнерпаздарға ынталандыру сыйлықтары да берілді. Оған Қалжан ахундық Карима Қуантай, шағандық Ұлықбек Әбіләкімов, тереңөзектіктер Адия Асылбекқызы, Елдар Нұрадин ие болды.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Кетігін тапта бар қалан, – деп ұлы ақын Абай жырлағандай, балалардың өнерге деген құштарлығы жоғары екенін байқадық.
Шаһарбек Нұрсейітов
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан, – деп ұлы ақын Абай жырлағандай, балалардың өнерге деген құштарлығы жоғары екенін байқадық.