Дәрілердің балама түрі көп
Короновирус жұқтырғандар саны өткен тәулікте рекордтық көрсеткішке жетті. Кейбір ауруханаларда орын жоқ. Ал еліміздің жартысы әлі сенбейміз дейді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты тұрғындар дене қызуын түсіретін дәріні жаппай сатып алып жатыр. Дәрі-дәрмекке сұраныс күн сайын артып келеді.
Денсаулық сақтау жүйесі күн сайын артып келе жатқан жүкті көтере алатынына сенімдімін. Ол үшін әрқайсымыз уақыт бөліп, қызмет етуіміз керек. Аса қобалжудың қажеті жоқ. Халықтың бәрі абдырап емханаға жүгіріп жатыр. Тіпті дәрі-дәрмекті қалталап сатып алып жатыр. Олай үрейленбеу керек. Дәрінің балама түрі бар. Парацетамолдың бір өзі дене қызуын түсіреді деп айтуға болмайды. Анальгин, аспириннің өзі де балама бола алады. Әр дәрінің өзінің ерекшелігі бар. Жағымды жағы болса, жағымсыз да жағы бар.
Ауру басталғанда әдепкі 3-4 күнде вирус ағзаға тарайды. 80 проценті жеңіл түрде өтетін ауру. Шай ішесіз, сорпа ішесіз, құнарлы тамақ ішесіз, сөйтіп иммунитетіңізді көтеріп жазылуға болады. 15 проценті орташа дәрежеде, 5 проценті ауыр дәрежеде өтетіндерге көңіл бөліну керек. Бастапқы кезеңде табиғи ем шара қолданғаны абзал.
Қазақтың қарапайым шөп дәрілері де бастапқы вирусты жоюға қауқарлы. Құнарлы тамақтың көп пайдасы бар. Неге десеңіз, онда микроэлементтер мен витаминдер көптеп кездеседі. Сондықтан вируспен күресу үшін құнарлы тамақтың маңызы зор.
М.БИСЕНБАЙҚЫЗЫ,
жас ана
Пікір 3