Дәрі ішесіз бе? Дәріні қабылдау ережесін сақтайсыз ба?
Медицина қызметкерлерінің бақылауына сүйенсек,халықтың көп бөлігі дәрігердің тағайындаған дәрі-дәрмектерін дұрыс қабылдамайды.Ал кей кезде дәрілік препараттарды дәрігердің жазып берген рецептсімен емес достарының, көршілерінің ж.тб адамдардың кеңесі бойынша қабылдайды.
Осыған орай дәрі-дәрмек қабылдаудағы ең көп әрі жиі кездесетін қателіктері төменде көрсетілген.
Мен сияқты қабылда
Дәрігердің жазып берген препараттары,Сіздің ауруыңыздың ағымын есепке ала отырып және сіздің организмініздің ерекше жағдайы мен жеке қасиеттерін ескере отырып,тек қана сізге ұсынылған.Сондықтан аурудың диагнозы мен белгілері дәл сіздікіндей болса да оны туған –туысқандарынызға,жақындарынызға қабылдауға ұсынуға болмайды.Бұндай препаттар сіз үшін тиімді болуы мүмкін,ал басқалары үшін пайдасы жоқ, тіпті қауіпті болуы мүмкін.Сол сияқты жанұя мүшелері,таныстар,көршілер т.б адамдар іш деп ұсынылған дәрі-дәрмектерді ішуге болмайды.Ем қабылдауды білікті маман жазып беруі керек.Жанама әсеріне назар аудармау
Препараттарды қабылдау кезінде ерекше немесе жағымсыз белгілер пайда болғанда және жайсыздықтар туындағанда тез арада дәрігерге хабарлау керек.Дәрігер дәріні қабылдау мөлшерін өзгертуі немесе препаратты қабылдау бойынша ұсыныстарды аңықтап біледі(мысалы,дәрі-дәрмекті басқа уақытта қабылдау немесе тамақтан кейін )немесе емдеу сызбанұсқасын өзгертеді.Дәрі-дәрмектерді Ғаламтор арқылы іздеу мен тапсырыс беру
Әрине,мұнда сөз қарапайым емханалардан айырмашылығы жоқ веб-емханалар туралы емес сіз олармен сенімді түрде қолдана бересіз. Ғаламтор арқылы жарнамасы ғаламдық жүйені жарып тұратын көптеген аз танымал,белгісіз және күмән тудыратын дәрі-дәрмектер мен тамақ қоспаларын алуды ұсынбаймыз.Көптеген сайттар әртүрлі аурлардан ғажайып емделу деп өздерінің «соңғы туындыларын» немесе қытайдың,үндістанның және т.б елдердің бірден-бір таптырмас дәрісі деп ұсынады.Белгісіз және тексерілмеген дәрі-дәрмектерді маманның кеңесіңіз қабылдау арқылы Сіз, алаяқтардың алдауының құрбаны болумен қатар өз денсаулығыңызға сауықпайтын қатер әкелесіз.Жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмекті қабылдау
Препараттың жарамдылық мерзімі әрқашан орамасында көрсетіледі.Дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімін үнемі тексеру үшін сыртын ешқашан лақтырмаңыз. Үй дәріханасында сақталатын дәрі-дәрмекті тексеріп отыруды ұмытпаңыз ал жарамдылық мерзімі өткен дәрілерден уақытында құтылыңыз.Қабылдаудың мөлшерін өз қалауынша өзгерту
Дәрігердің препаратты қабылдау бойынша берілген мөлшерін дәрігердің алдын-ала кеңесіңсіз өзгертуге болмайды.Препараттың қабылдау мөлшерін көбейту аурудың жанама әсерін туындатуы мүмкін, ал мөлшерін азайту емделудің пайдасын төмендетеді.Дәрі-дәрмектерді қолжетімді жерде қалдыру
Көптеген дәрі-дәрмек препараттары балаларға қауіпті болуы мүмкін.Сондықтан дәрілерді балардың қолы жетпейтін жерге қою керек.Ең жақсысы дәрі-дәрмекті арнайы жабылатын қорапта сақтап,балалардың қолы жетпейтін шкафтың жоғары полкасына қою керек.Дәрігерге қабылдайтын қандай да бір препарат пен тағамдық қоспа туралы айтпау
Дәрі-дәрмекті қабылдаудан кейінгі ауыртпашылықтардан аулақ болу үшін барлық дәрігерлер атап айтқанда окулистер,стамотологтар, дерматологтар мен және т.б дәрігерлерге өзіңіз қабылдайтын барлық препараттар мен тағамдық қоспалар туралы айтқаныңыз жөн.Алкоголь немесе наркотикалық заттар қабылдау
Алкоголь немесе наркотикалық заттардың дәрі-дәрмек препараттарымен өзара әсері физикалық және психикалық бұзылуға әкеп соғады.Алкоголь препараттың қабылдаудың әсерін төмендетеді немесе керісінше препаратты әсер етуін күшейтеді.Көптеген дәрі-дәрмекті қабылдауда шылым тартуда қарсы көрсетілім болып табылады.Өз еркімен қабылдауды тоқтату немесе қабылдау мерзімін ұзарту
Дәрігердің ұсынысынан бөлек өз еркіңізбен емдеуді тоқтатпаңыз.Тоқтату ауыршылдық туындыруы немесе сол дәрі-дәрмекке тәуелділікке әкеп соғуы мүмкін.Дәрінің жанама әсері туындағанда тез уақытта дәрігерге қаралыңыз.Ал горманальды дәрі-дәрмекті ұзақ қабылдағанда дәріге үйреніп қалу мен тері жабыындысының атрофиясын туындырады.Препаратты қабылдаудың ұсыныстарына назар аудармау
Дәріні қабылдау бойынша алған ұсыныстардың барлығын сақтаңыз:ол дәріні қабылдау уақыты мен жиілігі,тамақтан соң немесе тамаққа дейін қабылдау,сумен ішу қажеттілігі және т.б.Бұндай ұсыныстарға назар аудармау препараттың әсерін жояды немесе кері реакция туындырады.https://www.derma.kz/kk/