Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі аяқталуға жақын

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап аудан бойынша ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі басталған болатын. Қазіргі таңда sanaq.gov.kz сайтынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа-фермерлік қожалықтар, үй шаруашылықтары порталдағы санақтың сауалнама парақтарын қашықтан өз бетінше толтырып өтуде.
Бүгінгі күнге аудан бойынша жоспарланған 1374 респонденттердің 83,6 пайызға жуығы санақтан онлайн өтті. Санақтан өту үшін барлық кент және ауылдық округі әкімі аппараттары «Өзіне өзі қызмет көрсету» орындарында, сонымен бірге аудандық статистика бөлімдерінің ғимараттарында интернет байланысымен қамтамасыз етілген орындарда ұйымдастырылуда.
Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен шаруа-фермер қожалықтары сияқты шаруашылықтың барлық ұйымдастырылған нысандары онлайн сауалнамадан sanaq.gov.kz сайтынан өз бетінше өтуі тиіс. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ОКЭД) бойынша қызметі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы немесе балық шаруашылығымен айналысатындардың барлығы санаққа қатысуға міндетті.
Егер респонденттің сауалнама парағын толтыру кезінде қандай да сұрақтары туындаса, арнайы дайындалған жасанды интеллект арқылы жауап беретін sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне жүгіне алады.
Сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша бюроның байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңыраулар сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, ал онлайн-сауалнама басталған кезеңде – тәулік бойы, аптасына жеті күн қабылданады.
Екінші кезең – интервьюерлердің үй шаруашылықтарын жеке-жеке аралауы, ол 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтеді.
Санақ барысында ауданымыздан барлығы 7 мыңнан аса үй шаруашылығын және 1374-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамту жоспарланған.
Біз азаматтарды санаққа саналы түрде қатысуға шақырамыз, өйткені ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – Қазақстанның аграрлық секторын және азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытуға арналған стратегиялық маңызы бар іс-шара. Алынған деректер тиімді мемлекеттік саясат пен барлық деңгейдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға негіз болады. Барлық қатысушы тарапты өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, санаққа белсенді түрде қатысуға шақырамыз!
АУЫЛ ШАРУАШЫҒЫ –
ЕЛ БАЙЛЫҒЫ!
САНАҚҚА ҚАТЫС, ҮЛЕС ҚОС!