Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін дәрі-дәрмек дәріханадан босатылады

Тегін дәрі-дәрмек дәріханадан босатылады

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмектің электронды рецепт жүйесі кейбір жекеменшік дәріханаларда сынақтан өткізіліп жатыр

Медициналық сақтандыруы бар азаматтар, соның ішінде кәмелетке толмағандар да емханалардағы дәріханалардан дәрі-дәрмекті тегін ала алады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов рецепт бойынша дәрі-дәрмекті кез-келген клиникада алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр тегін дәрі-дәрмек алу жүйесі бұрын тек коммерциялық дәріханаларда жұмыс істегенін алға тартты.

"Олар (коммерциялық дәріханалар - Sputnik) ақша сұрады. Сөйтіп, 2015 жылға дейін дәрі-дәрмек құнының 25% көлеміндегі үстемақы төленіп келді. Менің ойымша, бұл бұл қомақты сома. Енді осы 25%-ті біреуге бергенше, адам емханаға келіп, рецепт бойынша дәрі-дәрмек алғаны тиімді деп санаймыз. Болашақта біз адамдардың кез-келген дәріханадан өзіне қажетті дәріні тегін алатын жүйеге оралғымыз келеді", - деді Біртанов.

Бұдан былай дәріханалар арасында тендер өткізілмейді. Егер адамның қолында рецеп болса, барлық дәріханалар тегін дәрі береді.

"Ол үшін біз бүкіл жүйені цифрландыру арқылы бухгалтерлік есепті көріп отыруымыз керек. Мысалы, бір адам тегін дәрі-дәрмек алуға келсе, дәріхана сатушылары "бізде төлем жоқ" деуі мүмкін. Осындай әрекеттің алдын алу үшін тегін электронды рецепттер жүйесін жасадық. Қазір бұл жүйе жеке дәріханаларда сынақтан өтіп жатыр. Сынақ екі жылға созылады", - деді министр.

Бүгінгі таңда адамдар тегін дәрі-дәрмек алу үшін емханаларға баруға мәжбүр.

"Көп жағдайда тегін дәрілер алдын ала бекітілген жоспар бойынша созылмалы ауруларға ғана (жұқпалы ауруларға емес) беріледі, - деп түсіндірді Біртанов.

Ал енді үйге шақырылатын дәрігерлер үшін дене қызуын төмендететін препарат алу проблемасы да маңызды.

"Бұл мәселеден хабарымыз бар және оның шешімін жақын арада табамыз деп ойлаймын. Сол сияқты адамның жеке сәйкестендіру нөміріне рецептіні тіркеу арқылы тәулік бойы істейтін кез-келген дәріханадан дәрі-дәрмек алатын жүйені іске қосамыз", - деді министр.

Қазақстанда қандай дәрі-дәрмектер тегін берілуі мүмкін

Елімізде 1 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызды ауру санатындағы 32 топтың бірінде тіркелген пациенттер мемлекет есебінен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Олардың қатарында онкология, туберкулез, ВИЧ, қант диабеті, В және С вирустық гепатиті, артериялық гипертензия сияқты сырқат түрлері бар.

Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қатысушылары үшін дәрі-дәрмектің 41 тобының біріне тіркелгендерге қолжетімді болды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл шамамен 300-ге жуық диагноз түрі.



28 ақпан 2020 ж. 715 0