Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқу құралдары табысталды

Оқу құралдары табысталды

Республикалық «Мектепке жол» акциясына Сырдария аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті үн қосты. Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен акция аясында іс-шара өтті.

Іс-шараға барлық білім беру ұйым­дарының бастауыш кәсіподақ төр­ағалары қатысты. Мектепке қажетті құрал-жабдықтар салын­ған сөмкелер көпбалалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларына табысталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін қайырымдылық іс-шарасы қоғам үшін маңызды әрі пайдалы бастама деуге негіз бар.

Іс-шара барысында Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Төлеп­бергенұлы сөз сөйлеп, жақында өткен Тамыз конференциясында мұғалім мәртебесі, білім сапасы туралы айтыл­ған маңызды мәселелерді тілге тиек етті. Ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Ал аудандық білім қызметкерлері кәсіп­одағы комитетінің төрағасы Алмас Зейнол­лаұлы жиынды қоры­тындылап, акция­ның мәні мен маңызы туралы айтып өтті.

– Дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясында Мемлекет бас­шысы білім сапасы мен мұғалім мәртебесіне қатысты маңызды мәсе­лелерді қозғады. Тың жаңалық, жаңа­­шылдықпен жаңа оқу жылына қадам басқалы отырмыз. Жыл са­йын өтетін «Мектепке жол» акциясы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл балаларға шағын болса да қолдау деп білеміз. Осы орайда барлық азамат пен кәсіпкерлерді акцияға үлес қосуға шақырамыз, – деді білім бөлімінің басшысы.

Айта кетейік, акция аясында 85 білім саласы қызметкерлерінің балаларына оқу құралдары мен қажетті заттар үлестірілді. Елімізде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» республикалық қайы­рымдылық акциясы 31 тамызға дейін жалғасады.


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: Ашық дереккөзден

23 тамыз 2025 ж. 327 0