Отбасыңызбен бірге болыңыз

Әлеуметтік желілермен, қауесет әңгімелерге сене бермеген жөн. Бұл адам бойындағы «әлеуметтіәк қорқынышты»үдетеді. Ата-анасының бойындағы қорқыныш баланың бойында екі есе көп болатындығын естен шығармауымыз керек. Қорқыныш баланың бойында өмір бойы ізін қалдырып кетеді. Сондықтан қорқынышқа жол бермеуіміз керек. Айналамызда болып жатқан жағдайлардың өзімізге жағымды жағын, яғни оң тұстарын іздегеніміз жөн. Оптимист болғаныңыз дұрыс. Карантин жағдайының оң жақтарын бірге іздейік:
1. Карантин бұл –дағдарыс. Яғни барлығы бұрынғысынша болмайды. Жаңа дүниелерді, жаңа идеяларды қалыптастырып, дамытатын кезең.
2. Отбасыңызбен бірге болыңыз. «Отбасы жүйесін» құрыңыз. Бала тәрбиесіндегі, отбасындағы бұрынғы қателіктерді түзетуге үлкен мүмкіндік.
3. Ата-анаңызға, бауырларыңызға, балаларыңызбен жарыңызға қамқорлық танытыңыз. Мейрімді болыңыз, бірге отырып сырласыңыз,рухани әңгімелер айтыңыз.
4. Балаңыздың өміріне өмірлік азық болып қалатындай жаңа нәрсеге үйретіңіз.
Карантинбізді бір-бірімізді тыңдауға, бір-бірімізді құрметтеуге, бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауға үйретеді. Ал ол далада емес, өз үйіңде басталуы керек.
Нұргұл Омарова,
Асқар Тоқмағанбетов атындағы №135 орта мектептің
педагог-психологы
педагог-психологы