Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Күрделі кезеңде сабырлық танытайық

Күрделі кезеңде сабырлық танытайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесін көпшілік тамашалағаны мәлім. Отбасымызбен бірге мәлімдеме барысында елімізде жасалып жатқан жұмыстарға қанықтық. Қарапайым халықтың көкейінде жүрген сан алуан мәселені көтеріп, қауіпті індетпен күресте салғырттық пен олқылықтарға жол бермеу керектігі айтылды. Күннен-күнге еліміз бойынша вирус жұқтыру саны артып келеді. Мұндай жағдайда қауіпсіздікке көңіл бөлу құптарлық жағдай.
Қазіргі таңда барша қазақстандық күрделі кезеңде түсіністік танытуы керек. Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Ел арасында дүрбелеңге жол бермей, қиын-қыстау күндері сабарлық танытқанымыз абзал. Бұл ретте медицина саласының мамандарына айрықша қолдау көрсету – азаматтық борышымыз. Олар күнделікті қайсарлықпен қауіпті дертпен бетпе-бет келуде. Осы орайда Мемлекет басшысы алдағы 3 ай бойы дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне қосымша үстеме ақы төленетіндігін айтты. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру оңтайлы шешім деп білемін.
Төтенше жағдай кезінде сақтық шарасын күшейте отырып, індетен қорғануды басты назарда ұстау керек. Облыстан, ауданнан шалғайда болсақ та, сақтық шараларына өте мән беріп, денсаулығымызды күте білейік. Батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дертпен ел болып күресейік.

Айгерім Жұмабекова, 
Іңкәрдария ауылдық клубының әдіскері 

01 сәуір 2020 ж. 1 629 0