Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Бірнеше күннен бері елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Қатерлі індетпен күресудің бұл жалғыз жолы емес. Бірнеше үлкен қала өз аумақтарына кіруге тыйым салып, карантин енгізілді. Осындай қауіпті кезеңде партия жанынан арнайы топ құрылып, «Біз біргеміз» акциясын бастады. Ел аумағындағы карантинге жабылған қалаларға азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды жөнелтіп жатыр. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен қарттарға, көп балалы аналардың отбасына көмек көрсетілуде. Дәл осындай кезеңде жұдырықтай жұмыла жүк көтергеніміз абзал. Еріктілер жылында демеушілік көрсетіп жатқан қарайымды жандар да бар. Қазіргідей уақытта әрбіріміздің жауапкершілік танытып, үйде отырғанымыз жөн. Дертті одан әрі асқындырып алмау үшін көпшілік орындарға бармау, той мен діни мерекелік кештерден бас тарта тұрымыз қажет. Әрине бұның бәрі уақытша сақтық шаралары. Ең бастысы жеке бас гигиенасын ұстап, вирустан қорғануымыз қажет.
Мемлекет басшысы карантин режимін қатаң сақтауға шақырды. Көңіл күйімізді көтеріңкі ұстап, жарқын болашаққа нық сеніммен қарасақ, біз алмайтын қамал жоқ.

Берік АХМЕТОВ, 
Nur Otan партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі  

26 наурыз 2020 ж. 705 0