Аудандағы ахуал күнделікті бақылауда

Мемлекет басшысы карантин шараларының орындалуы қатаң бақылауда болу керектігін ескертті. Аудандағы ахуал күнделікті бақылауда. Халық арасында түсіндірме жұмыстарын күшейттік. Қауіпті індетті алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында халық көп шоғырланатын мекемелер алдына арақашықтықты сақтау белгілерін ақ түсті бояу арқылы белгіледік. Тосқауыл бекетіндегі қызметкерлер тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс жасауда. Аудан әкімдігінің тарапынан көліктердің қозғалысына бақылау күшейтілді. Тұрғындардың тосқауыл бекеттерінен кіріп-шығуға шектеу қойылды. Бұл ретте аудан тұрғындары орын алған жағдайларға байланысты түсіністік танытса игі.
Қайрат ҚУАНДЫҚОВ,
аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы