Скрининг – дерттің алдын алудың жолы
Күнделікті ел азаматтарының денсаулығын қалыпты жағдайда бақылау мақсатында медицина саласында елеулі өзгеріс орын алады. Озық технологиялардың мүмкіншілігіне қарай аурушаңдық белгілерін анықтау барынша жүзеге асырылып келеді. Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарта отырып, созылмалы дертпен күресте табандылық таныту керек. Сондықтанда қарапайым халықты скринингтік тексеруден өткізу маңыздығын жоймайды.
Жалпы алғанда медицина саласында скринингтік талдауға – ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексеруден өткізу деп анықтама береді. Бүгінде аудан медицинасы жергілікті тұрғындар арасында асқынуға бейім созылмалы дертті анықтауды мақсат етіп қойған. Аудандық аурухананың алдын алу және әлеуметтік көмек бөлімшесінің дәрігері Г.Изтаеваның келтірген мәліметіне сүйенсек, жыл сайын аудан бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 № 995 бұйрығы негізінде тұрғындар скринингтік тексеруден өтеді. Оларға медицина мамандары «қан айналым жүйесі», «қант диабеті», «су қараңғы», «сүт безінің қатерлі ісігі», «жатыр мойны қатерлі ісігі», «тік ішек және тоқ ішек қатерлі ісігі» бойынша скринингтік талдау жасайды. Бұл ретте ауданда өткен жылы жоспар бойынша 3 мыңнан аса адам «қан айналым жүйесі», «қант диабеті», «су қараңғы диагнозымен скринингтік тексеруден өткен. Талдау жасалған тұрғындар ішінде 193 адам «Д» есепке алынған. Ал «сүт безінің қатерлі ісігі», «жатыр мойны қатерлі ісігі», «тік ішек және тоқ ішек қатерлі ісігі» диагноздарымен 5309 тұрғын тексеріліп, ісік алды ауруымен 82 адам емделуге жіберілген. Сонымен бірге 5 адамнан қатерлі ісік диагнозы анықталған.
Скринингтік ауқымды шарасы биыл да жүзеге асады. Қазіргі таңда көпшілікті күмәнді ойдан арылтып, өздігінен тексеруден өту үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Адам өміріне қатер төндірген кеселді ерте кезден анықтау күн тәртібінен түспейді. Әлем елдері онкологиялық дертпен күресте барынша сақтық шарасын ұстанады. Үздіксіз адам ағзасында дамыған қатерлі ісік скринингтік тексеру нәтижесінде ерте сатыда анықталса, емделуге болады. Қан айналым жүйесіндегі басты қиындық адам денсаулығында жүре пайда болуында. «Қант диабеті» мен «су қараңғы» диагнозы дүниежүзі халқына аса зор қауіп әкелуде.
Аталған дерттің қайсы бірін алсақ та бірінші байлықтың бағасын барынша ұғындырады. Медщицина мамандары тарапынан тексеруден өту үшін шақырту түскен жағдайда салғырттық танытпау керек. Тұрақты түрде «РАР тест», «маммография», «гемокульт тест» арқылы өз денсаулығыңыздың кінәратын ерте анықтаған жөн. Мұндай жағдайда дерттің асқыну салдарынан өлім-жітім азаяды. «Дерт көп, денсаулық біреу» дегенді қатаң қағидаға айналдырсақ, дертті болудан арыламыз.
Балтабай АЯБЕКҰЛЫ