Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ – ДЕНІ САУ ҰЛТ КЕПІЛІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ – ДЕНІ САУ ҰЛТ КЕПІЛІ


Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік рево- люция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының жетінші бағыты- Адами капитал-жаңғыру негізі деп аталады. Бұл бағытта б і л і м , д е н с а у л ы қ , ж ұ м ы с п е н қамту мәселелері егжей-тегжей баяндалған.
Әсіресе, «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» бөлімінде салауатты өмір салтын насихаттай отырып,қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек делінген.
Сондықтан кез-келген ауруды ерте сатыда анықтау,аурудың алдын алу, амбулаториялық емдеу арқылы басқаруға көшу бүгінгі медицина сала- сына жүктелген міндет.
Осы орайда жақында Амбулаториялық-емханалық қызме­­ті бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 03 шілдедегі «Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы» № 452 бұйрығын негізге ала отырып Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді елді мекеніндегі ұрпақты болу жасындағы әйелдерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатымен ауданның бас акушер-гинекологы Н. Аби- шева, дәрігер акушер - гинеколог Э.Ғалымова, терапевт М.Садыкова, психиатр С. Бакишева, психолог А. Маханбетова, маммолог дәрігер А. Құлеке, фтизиатр дәрігер Л. Ибраймова, ВКК дәрігері Ж. Жұмабаева, жастар денсаулығы орталығының дәрігері Д. Алашбаева мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Г.Жаналиева ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлердің басты мақсаты ұрпақты болу жасындағы әйелдерді контрацепциямен қамтамасыз ету, ісік алды аурулардың ерте сатыда анықтау және әйелдерде анықталған аурулардың асқынуына жол бермеу. Бас акушер-гинеколог 5 топтағы, яғни әлеуметтік аз қамтылған санатындағы әйелдерге гинекологиялық көмек көрсетіп, асқынуға жол бергендерді облыс орталығына жолдама берді. Э.Ғалымова 2В тобындағы абсолюттік көрсеткіші бар, жүкті болуға өте қауіпті деп танылған әйелдерді қабылдады. Аманкелді, Жетікөл ау- ылдарында 2В тобында 16, 5 топта 50 әйел тұрса, Айдарлы ауылында 2 В тобында -10, 5 топта 37 әйел тұрады. Барлығы дәрігерлердің қабылдауында болып,медициналық көмекке жүгінді. Жастар денсаулығы орталығының мамандары отбасын жоспарлау денсаулық мектебі аясында дәрігерлік қабылдауға жиналған ұрпақ өрбіту жастағы әйелдерге «Репродуктивтік денсаулықты қорғау. Контрацепция әдістері» тақырыбында түсіндірме сабақтарын жүргізсе. ҚР ДСМ 17 ақпан 2012 жылғы № 89 «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардағы профилактикалық қызметтерді жетілдіру» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында Артериалды гипертония және жүректің ишемиялық аурулары пациенттерінің денсаулық мектебінің пациенттеріне «Семіздік және АГ», «Дұрыс тамақтану» тақырыптарында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Г. Жаналиева дәріс сабақтарын жүргізді.
Б.ЖАНӘЛІ
29 қаңтар 2018 ж. 1 764 0