Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАБЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТАБЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Салық – мемлекеттің негізі. Табыс та осы салықтан құралады. Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы тоғыз айды қорытындылап, негізгі көрсеткіш бойынша облыста алдыңғы қатарға шықты.
Елбасы Жолдауында аталған міндеттерді жүзеге асырып, табысты еңбек етіп жатқан басқарма басшысымен біздің тілшіміз сұқбаттасқан болатын. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Қысқаша анықтама: 2018 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 9439008,9 мың теңге салық пен түсім түсіріліп, 9 айдың 6482824,3 мың теңге болжамы 145,6 пайызға орындалған. Атап айтқанда республикалық бюджетке 192370,4 мың теңге түсім түсіп, 9 айдың 208803,0 мың теңге болжамы 92,1 пайызға, аудандық бюджетке 3086589,2 мың теңге түсім түсіп, 9 айдың 3047578,3 мың теңге болжамы 101,3 пайызға орындалып отыр.
– Мұхамедияр Сағатбекұлы, салық базасын ұлғайту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
– Аудан бюджетінің «Салық салу ба­­за­сын ұлғайту» жөніндегі жедел жұ­мысшы тобын құру туралы аудан әкі­мінің 13.02.2018 жылы №69-ө санды өкі­­­мі шыққан болатын. Құрылған жедел жұмысшы тобының құрамымен түсіндірме жүргізу жұмыстары күнделікті тұрақты түрде жүргізілді. Нәтижесінде жыл басынан салыққа тіркелмеген жеке тұлғаларды салықтандыру мақсатында 295 жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Оның ішінде такси қызметімен 22 жеке тұлға тіркелді. Әрі қарай аудан­дық кәсіпкерлік бөлімі мен Атамекен кә­сіп­керлік ҰП арқылы бірлесіп тіркету түсіндірме жүргізу жұмыстары жалғасуда.
2018 жылдың 9 айында 46 салық тек­­серулері жүргізілді, оның ішінде 4 тақырыптық, 5 қарсы тексеру, 37 жеке сұрақтар бойынша тематикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.
2018 жылдың 9 айында жеке сұрақтар бойынша 37 тақырыптық тексерулер жүр­­­гізіліп, оның ішінде 32 жағдайда са­лық төлемгерінен заң бұзушылықтар анықталды. Арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) 10 салық төлеушіде заң бұзу­шылықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК 463 бабының 1 тармағы бойынша хаттама толтырылып, сотқа қарауға жолданды. Сот тарапынан 10 салық төлеушіге 420,9 мың теңге айыппұл салынып, барлығы бюджетке өндірілді. Сонымен бірге, аудан көлемінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысушы тұлғалар бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Аудан орталығында «Донер» дайындау асханасында жеке тұлғаның салық органдарына тіркелмей, кәсіпкерлік қыз­­­метпен айналысып отырғандығы анық­талып, хаттама толтырылып, сот тарапынан әкімшілік айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасы Қаржы минис­трлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2018 жылдың 3 шілдесіндегі №МКД-КББ-11-2-12/103 санды хатына сәйкес 2 жеке кәсіпкерге қатысты хронометраждық зерттеу жұ­мыс­тары жүргізілді. Оның бірінің бір жыл­дағы орташа табысы 6 945 128 теңгені құ­­­рап, салыс­тырғанда табысы 4 940 043 теңгеге, немесе 3.4 есеге көтерілді. Екінші кәсіпкердің де бір жылдағы орташа табысы 14 924 880 теңгені құрап, салыстырғанда табысы 12 230 627 теңгеге, немесе 5,5 есеге көтерілді.
– Дара кәсіпкерлер табысын өсіру бойынша жұмыстар жүргізіліп отырған болар?
– Әлбетте. Аудан көлеміндегі дара кәсіпкерлердің табысына талдау жасалынып, табысы төмен түскен салық төлеушілермен әңгімелесу жұмыстарын жүргізу арқылы жеке кәсіпкерлерден түсетін төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табысы салығынан (101202) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5346,4 мың теңге артық түсім қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы да­қыл­­­дарын (күріш, бидай, арпа және т.б) өндіруші шаруа қожалықтардың тізімі қалыптастырылып, 52 шаруа қожалықтың тапсырылған салық есептіліктеріне талдау жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 17 салық төлеуші түсініктемелерін берді, 7 шаруа қожалығы 2016 жыл үшін табыс салығы (КБК 101201) бойынша 190,2 мың теңгеге, әлеуметтік салық бойынша (КБК 103101) 12,2 мың теңгеге қосымша салық есептілігін тапсырып түсім түсірілді.
Сонымен қатар, 2017 жылдың шілде­сінен бастап Мемлекеттік кірістер бас­қар­масының қызметкерлері, кент әкім­­­­­­­­­­­­­шілігі тарапынан және жергілікті бас­­­­пасөздің қызметкерінің қатысуымен кент орталығындағы дара кәсіпкерлердің ара­­сында мүлік және жер салықтарын әкім­­­шіліктендіру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, дара кәсіпкерлер арасында мүлік және жер салығы бойынша салық декларациясын (700.00 н) мүлдем тапсырмай немесе «0» - дік көрсеткішпен тапсырып, бюджетке тиісті салықтарын төлемей отырғандары да анықталды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде барлығы мүлік салығы бойынша қосымша – 248, 7 теңге ақшалай түсім түсірілді.
2012-2017 жылдарда жылжымайтын мүлікті бір жылдан кем уақыт аралығында сатып алу-сату келісім шартын жасас­қандар бойынша біршама жұмыстар ат­қа­­рылды. ХШР бағдарламасы арқылы хабарлама, хабарлау қалыптастырылды, хаттар жолданды. Нәтижесінде 31 салық төлеушісі 2 618,0 мың теңге түсім түсірілді.
Көлік салығы (104402) бойынша бе­ре­­­шегі бар 298 көлік иесіне хабарлама беріліп, хабарламаны мерзімінде орын­дамаған 63 салық төлеуші сотқа жолданды. Нәтижесінде көлік салығы бойынша 2016 жылы 29732,7 түсім түссе, 2017 жылы 46576,08 мың теңге түсім түсіп, 16844,1 мың теңгеге артық түсім қамтамасыз етілді.
Жалпы басқармада аудандық кәсіп­керлік палатасымен біріге отырып дара кәсіпкерлерге салық заңдылықтарына енген өзгерістер туралы және табысын жасырып көлеңкелі экономикаға жол бермеу қажеттігі жөнінде тұрақты түрде семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер жүргізу жол­ға қойылған.
– Камералдық бақылау жұмыс­тары жөнінде айтсаңыз?
– Бюджет кемуінің орнын толтыру үшін біздің тарапымыздан атқарылуға тиісті аса маңызды жұмыстың бір бағыты – ол камералдық бақылау. 2017 жылы хабарламаларды өңдеу барысында камералдық бақылау қорытындысымен нақты ақшамен өндірілу деңгейі көрсеткіштері тұрақты бақыланып, тиісті жұмыстар атқарылуда. 2017 жылы салық төлеушілердің тапсыр­ған 100.00, 300.00 және 200.00 нысанды декларацияларын салыстыру арқы­лы камералдық бақылау жұмыстары жүргі­зілді.
Республикалық бюджет бойынша 40 салық төлеушіге камералдық ба­­­­қы­­лау ар­қылы хабарламалар, хабарлаулар және хаттар жолданылды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде 162 431,7 мың теңге айырма сомасы анықталып, 137 420,0 мың теңгеге қосымша салық есептілігі тапсырылып, 22 406,6 мың теңге ақшалай бюджетке түсім түсіп, 114 065,7 мың теңге салық төлеушілердің бет есебіндегі артық сомасы есебіне жатқызылды. Камералдық бақылаумен анықталған кемшіліктер бойынша тапсырылған қосымша салық есептілігінен бүгінгі күнге берешек сомасы 14 294,468 млн теңгені құрап отыр. (Ол реабилитацияға жіберілген бір салық төлеуші «Ремстрой» ЖШС-нен құралып отыр).
Облыстық бюджет бойынша атқа­рыл­ған жұмыс нәтижесінде 130 салық төлеу­шісінен 125 789,2 мың теңге айырма сомасы анықталып, 110 860,6 мың теңгеге қосымша салық есептілігі тапсырылып, 258 381,9 мың теңге ақшалай бюджетке түсім түсіп отыр, 63 060,4 мың теңге салық төлеушілердің бет есебіндегі артық сомасы есебіне жатқызылды.
Аудандық бюджет бойынша атқа­ры­л­­­­­­­ған жұмыс нәтижесінде 132 салық төлеу­ші­сінен 162289563 мың теңге айырма сомасы анықталып, 156 257,8 мың теңгеге қосымша салық есептілігі тапсырылып, 95 868,6 мың теңге ақша­лай бюджетке түсім түсіп отыр, 60 415,7 мың теңге салық төлеушілердің бет есебіндегі артық сомасы есебіне жатқы­­зылды.
– Қоғамдағы маңызды мәселе­нің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл тұрғысында басқармада оның алдын алу бойынша жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстарға тоқтал­саңыз?
– 2018 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы іс-шарасы бойынша БАҚ өкілінің, прокуратура, сот, ішкі істер бөлімінің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиа­лының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің, «Нұр Отан» партия­­­сы аудандық филиалының, Қызылорда облы­сы­­ның кәсіпкерлік палатасының аудандағы филиалының қыз­­­­меткерлерінің қатысуымен семинар, дөңгелек үстел өткізіліп отырады. 2018 жылдың 9 айында «Қазақстан- Қызылорда», «Коғам» телеарналары арқылы 7 сұхбат көрсетілім көрсетілді, радио арқылы 21 сұқбат берілді, баспасөз бетінде 39 мақала жарияланды, 14 семинар, 9 дөңгелек үстел өткізілсе, басқарма қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау абақтысының тыныс тірші­­лігі­мен 2 рет таныстырылып қайтты.

Сұқбаттасқан
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ

30 қараша 2018 ж. 731 2

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 10:21
Keppra No Prescription Needed Amoxicillin Capsules Images cialis without a doctor's prescription Cialis Canada Cost

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 14:55
Kamagra Quoka Cialis Pas Cher En France viagra Cialis 200mg 20 Mg Cialis Online Cialis One Day Costo