ТӨЛ МЕРЕКЕГЕ ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
Маңызды мемлекеттік құрылым саналатын мемлекеттік кіріс органы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етеді. Салық – еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуінің тұрақты кепілі. Сондықтан халықтың әл-аухатының жақсаруы салықтық түсімдердің көлеміне байланысты. Осы орайда қосымша кіріс көзін ұйымдастыру, барды ұқсату – бүгінгі күннің басты талабы.
Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 6 айын табысты қорытындылады. Ауданның мемлекеттік бюджеттің 2018 жылғы 6 ай болжамы – 4437775,8 мың теңге болса, нақты түскені – 7947673,3 мың теңге, немесе болжам – 179,1 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет кірісіне – 145654,4 мың теңге алынып, белгіленген болжам – 97,5 пайызға орындалса, жергілікті бюджетке – 7802018,9 мың теңге кірістеліп 181,9 пайызға орындалды.
Салық әкімшілігін жетілдірудің тиімді бір жолы – сапалы салық бақылауы десек, бұл бағытта да біршама жұмыс атқарылды. Камералдық бақылау жұмыстары, салықтық бақылау шаралары нәтижесінде қосымша бюджетке 47076,0 мың теңге өндірілді. Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде.
Салық салу базасын ұлғайту жұмыстары бойынша, жыл басынан бері кірістер басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар нәтижесінде, жаңадан дара кәсіпкерлер, оның ішінде жолаушы тасымалдау қызметімен айналысатын жеке тұлғалар тіркелді.
Салық базасын ұлғайту бағытында Елбасымыз және облыс басшылығы тарапынан аса маңызды мәселе ретінде мән беріліп отыр. Осының нәтижесінде, бұл бағытта жұмыстардың қарқынды және жүйелі жүруі үшін тұрақты тапсырмалар қолға алынған.
ҚР ҚМ-мен аудандар арасында жұмысты бағалау көрсеткіші бекітілген. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында осы көрсеткішті саралағанда аймақтың жеті ауданының ішінен Сырдария аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы бірінші орынға шықты. Бұл жалпы аудан тұрғындары үшін, салықшылар үшін мерейлі мәртебе. Мереке қарсаңында біздің салықшылар осындай биік нәтижеден көрінді. Алдағы уақытта да жемісті жұмыстар жалғасын таба беретін болады.
Майра БИСЕНОВА,
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы
Пікір 2