Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОҢ НӘТИЖЕЛЕР ҚАЛЫПТАСТЫ

ОҢ НӘТИЖЕЛЕР ҚАЛЫПТАСТЫ


Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы үстіміздегі жылдың 11 айын нәтижелі қорытындылады. Бұл кезеңде аудандық бюджетке 4 253233,4 мың теңге түсім түсіп, 11 айдың 4181534,2 мың теңге болжамы 101,7 пайызға орындалып отыр. Салық мемлекеттің негізі екенін ескерсек, аудандық басқарма жұмысы жоғары дәрежеде жүргізіле беретіні анық.
Елбасы биылғы дәстүрлі Жолдауында: «Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы әкімшелендірудің ашықтығын арттырады. Үкімет 3 жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдауы тиіс. Бизнес өз жұмысын бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын» деген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай басқармада негізінен электронды форматта жұмыс жасалуда. Бұл өз кезегінде ашықтықты қалыптастырып, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың алдын алуға қызмет етеді. Бұл ретте салық төлеушілердің қатары жылма жыл артып келе жатқанын айтуға тиіспіз. Мысалы, жыл басынан бері 346 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелді.
Біздің мақсат Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыра отырып, халықтың табысы мен тұрмысының артуына лайықты үлес қосу болып табылады.
Майра БИСЕНОВА,
аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы
22 желтоқсан 2018 ж. 1 080 0