Дауды азайтудың тиімді жолы
Қоғам алға жылжыған сайын талаптар да өсіп, межелер де биіктеп отыратыны белгілі. Соттарда жүктеменің жылдан – жылға көбейіп жатқаны белгілі. Осы жүктемені азайтудың бір тетігі ретінде медиацияға, тараптарды бейбіт жолмен татуластыруға таңдау жасалғанына да көп уақыт өте қойған жоқ.
Ұлы дала елінде артында ұлағатты сөз, өнегелі із қалдырған би – шешендер аз болмаған. Төрелік етуде Төбе би атанған Төле, Қазыбекпен Әйтеке сынды қазылар қазақтың бірлігі мен тұтастығы жолында әділ шешім шығарған. Ертеде билер халықтың арасынан шығып, қалың қарашаның арын сақтап, жоғын жоқтаған. Билердің керіскенді келістіріп, араздасқан ағайын мен қауым елді тапқырлығы мен шешендігінің арқасында бір байламға келтіріп, ел тағдырын екі ауыз сөзбен шешкенін тарихтан білеміз. Сонысымен де билер қоғамда зор құрметке ие болып, ел билеуші хандардың өздері санасатын саяси қайраткер дәрежесіне дейін көтерілген. Бұрынғы билердің бітімгершілік қызметінің бүгінгі қоғамдағы баламасы ретінде медиаторлардың татуластыру рәсімдерін айтсақ қателескендік болмас. Медиация қазаққа таңсық дүние емес. Ол ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан дауласушы тараптарды татуластырудың әдісі, яғни, бұрынғы билер билігінің жаңа замандағы жаңғыруы ғана. Қауым болған соң адамдар арасында келіспеушіліктер туындамай тұрмайды. Осындай жағдайларда болмашы кейкілжіңдердің үлкен жанжалға ұласып кетпеуі үшін дауласушы қос тараптың да қалауы қанағаттандыратындай ортақ келсімге келтіру бітімгер – медиаторлардың міндеті.
Сырдария ауданында «Билер кеңесінің» құрылғанына көп уақыт болмаса да, бітімгершілікке қол жеткізу тұрғысында біршама жұмыстар атқарылып келеді.
«Билер кеңесінің негізгі мақсаты өңірдегі қалыптасқан ахуалды тұрақтандырып, қазақтың дәстүрлі құқығы мен қазақ билерінің дау шешудегі бай тәжірибесін қолдану арқылы тұрғындардың арасында пайда болған дауларды шешу бағытында көмеккөрсету».
Аталмыш кеңес жергілікті тұрғындар арасында дауларды дәстүрлі жолмен шешіп, тараптарды татуластыруды көздейді.
Мысалы: талап қоюшы М. деген азамат аудан тұрғыны Е. деген азаматқа осыдан 2 жыл бұрын 1 бас сиыр малын өзара келісіп сатқан. Алайда азамат Е. осы уақытқа дейін түрлі себептермен малдың ақысын қайтармаған, сол себепті талап қоюшы М осы уәжімен билер кеңесіне жүгінген.
Екі ауыл тұрғыны болып табылатын екі тараптыда танитын билер кеңесінің мүшелері тараптарға өз кеңестерін берген. Нәтижесінде азамат Е. талап қоюшы М-ғамалдың құнын төлеп, тараптарөзара ымыраға келіптатуласқан.
Сонымен қатар, Сырдария аудандық сотының халық арасында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау мәселесі бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, Тереңөзек кенті орталығының көрнекті жеріне «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында «Татулық, бірлік-Береке көзі» тақырыбында билбордорнатылды.
Билбордта «Татуластыру рәсімдерінің» мақсаты, түрлері, қолданылу аясы, татуластыру рәсімін жүргізетін кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлардың тізімі орналастырылған аудандық соттың сайты және аудан орталығынан құрылған «Билер кеңесінің» құрамы жайлы мәліметтер толық қамтылған.
Билборд орнатудың басты мақсаты - халық арасындағы дауларды шешуде татуластыру рәсімдерін кеңінен насихаттау болыптабылады .
Бүгінгі күн талабына сай соттар, медиаторлар, адвокаттар, нотариустар тараптарды татуластыру шараларын ұйымдастыруға міндетті және басты мақсат қоғамдағы даукестікті азайту.
Сондықтан ел ішіндегі кейбір кикілжің, дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешуге «Билер кеңесінің» ықпалы зор деп айтуға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты «Атамекен» ҰКП-мен бірігіп, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын даулардың себептері мен проблемалық мәселелерді шешу жолдарын айқындауды, жергілікті атқарушы органдар жанынан отбасылық кеңестер құруды, жергілікті мекемелер мен ұйымдарда дауларды сотқа дейін шешу мақсатында комиссиялар құруды тапсырды.
Қазіргі таңда аудандық сотпен осы бағытта біршама жұмыстар атқарылуда.
Бұл атқарылыпжатқан шаралардың барлығыныңмақсаты - дәстүрлі құндылықтарды дәріптей отырып, бүгінгі қоғамда адамдардың бір біріне деген мейірімі мен сыйластығын арттыру. Халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және дауларды келісім арқылы тиімді шешу болып табылады.
А.Абдулла,
Сырдария аудандық сотының
төрағасы міндетін атқарушы
Заңгерлер Одағының мүшесі