Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан әкімі 104 жастағы Балшай әжені мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі 104 жастағы Балшай әжені мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Руслан Рүстемов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбеновпен және аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікеновпен бірге Нағи Ілиясов ауылының 104 жастағы тұрғыны Балшай Маханбетованы «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы ғасырдан ұзақ өмір сүрген ғибратты ғұмыр иесіне Құттықтау хат және арнайы сый-сияпат табыс етті. Сонымен бірге, игі тілегін жеткізіп, зор денсаулық тіледі.

– Ардагерлерді ардақтау – біздің басты міндетіміз. Сіз ауданымыздағы ең жасы үлкен қазыналы қариясыз. Жалынды жастық шағыңызды адал еңбекке арнадыңыз. Қарапайым жұмысшы болып еңбек ете жүріп аяулы жар, асыл ана, асыл әже атандыңыз. Бүгінде шөпшектеріңіздің қолынан дәм татып, бейнетіңіздің зейнетін көрудесіз. Лайым, деніңіз сау болып, жыл сайын зор қуанышпен қарттар күні мерекесін қарсы алыңыз. Біз Сіздің деніңіздің сау болуына тілектеспіз,-деді аудан әкімі.

Құттықтау шарасында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы 104 жастың биігіне шыққан ақ жаулықты ананы мерекесімен құттықтады. Аудан ардагерлерінің ыстық ықыласын жеткізіп, ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтті.

Мерекеде көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген 104 жастағы Балшай әже елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
02 қазан 2019 ж. 875 0