Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тариф бағасында өзгеріс болады

Тариф бағасында өзгеріс болады

Апта ағымында Тереңөзек кенті мәдениет үйінде «Қазсушар» РМК-ге қарасты «Сыр суы» филиалының таратушы желілер арқылы ауызсу беру қызметіне оңайлатылған тарифті бекітуге арналған жария тыңдау жиыны өтті.

Жиынға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Зура Сардарбек, фил­иал директорының орынбасары Ержан Әмиша, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары Ғани Нұртазаев, аудан тұрғындары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

Жергілікті халықпен кездесу барысында сала мамандары тариф бағасын қайта бекіту бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Өз кезегінде «Қазсушар» РМК-ге қарасты «Сыр суы» филиалы директорының орынбасары Ержан Әмиша аталған мәселеге байланысты баяндама жасады.

– Негізінен, Қызылорда облысы бойынша «Сыр суы» филиалы магистралдық құбырлар және таратушы жүйелер арқылы теңгерімдегі 6 топтық су құбырлар және 6 оқшау су жүйелер, 3 сарқынды су бұру қызметін жүзеге асырады. Жалпы, филиалдың қызмет көрсету аумағында 491 119 халық болса, абонент саны 89 046-ға жеткен. Бүгінде филиалда 542 штаттық бірлік бойынша мамандар жұмыс жасаса, 1177 маманның қажеттілігі байқалған. Бұл ретте, су саласының инженерінен бастап, сан түрлі қызмет түріне маман тарту өзектілігін жоймайды. Сонымен қатар тозығы жеткен материалдық базаны нығайтып, жұмыс сапасын жақсарту мақсатында мақсат-міндетті айқындауымыз керек. Маман тапшылығы орын алмау үшін, қызметкерлердің жалақысын көбейту мен техниканы жаңалау, құбырларды қайта ауыстыру барысында көптеген қиындық туындауда. Тарифті көбейтуге байланысты жиынға Табиғи монополия­ларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп, іс-шаралар жүргізіп келеміз. Алдағы уақытта аймақ бойынша жүргізілген жария тыңдау нәтижесі негізінде заңды тұлғалар тұтынатын су бағасында өзгеріс болады, – деді Ержан Әмиша.

Жария тыңдауға арналған жиын­да көптеген мәселе көтерілді. Ең алдымен, шығын көлемін азайтуға бағытталған жобалар талқыланды. Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлимаш Мырзахметова, Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сталбек Тобағұлов, Тереңөзек кентінің жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы Бағдат Жақсылықұлы пікір білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

– Тіршіліктің басты көзі – ауызсудың жергілікті халық үшін аса маңыздылығы жоғары. Сала мамандары күні-түні еңбек етіп, тұрғындардың ауызсусыз қалмауына жағдай жасауда. Шын мәнінде, Сырдария ауданында «Ақ бұлақ» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. Тозығы жеткен мұнаралар жөнделіп, жергілікті халық сапалы су тұтыну үшін халық қалаулыларының ықпалы зор болды. Бұл ретте, тариф бағасының көтерілуі хақында халыққа түсіндірме жұмысын жүргізу орынды. Қашанда ауызсуды үздіксіз тұтынатын жергілікті тұрғындардың талап-тілегі ескерілу керек. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалына ауызсу мәселесі бойынша жекелеген адамдар хабарласады. Біз сол мезетте аудандағы жауапты мекемемен бірлесіп, тұрғын көтерген мәселені шешеміз, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.
Жиын соңында «Қазсушар» РМК-ге қарасты «Сыр суы» филиалы сала мамандарының пікірі тыңдалды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
10 желтоқсан 2024 ж. 80 0