Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты мақсат – ауыз суды үнемдеу

Басты мақсат – ауыз суды үнемдеу

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД филиалы жария тыңдау өткізді. Жиында суды ма­гистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы бе­ру, сарқынды суды бұру қызметтері бойынша бекітуге берілген та­рифінің жобасы талқыланды.

Жария тыңдауға «Нұра топтық су құ­быры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖБД филиалы директорының орынбасары Е.Қуандықов, Қа­зақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи момнополияларды рет­теу комитетінің Қызылорда облысы бо­йынша департаментінің бөлім басшысы К.Кен­шем­баева, кент және ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым же­текшілері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал басшысының орынбасары, бас инженер Ержан Ералыұлы хабарлама жасады.

«Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД филиалы – аймақ бойынша барлық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір оператор. Негізінен суды магистралдық құбыр жолдары, таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметін көрсетеді. Филалдың негізгі жарғылық капиталы 54 млрд теңгені құрайды. Облыс бойынша 190 елді мекенге ауыз су береді. Оның ішінде, топтық су құбырларына қосылғандары 111 елді мекен, оқшау су жүйесі арқылы 75 елді мекен. Еліміз бойынша таза ауыз сумен қамту 97 пайызды құрап отырған бірден-бір облыс екенін айта кеткен жөн. Жалпы аймақ бо­йынша 431 мыңнан астам халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

Сырдария ауданы бойынша 14 елді мекен бар, барлығы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Ауыз су жүйесі электр энергиямен жұмыс істейтіндіктен насос қон­дырғылары қойылып, трансформаторлар жұ­мы­сы үздіксіз іске қосылған.

Ауданда ауыз суды тұтынатын абонеттер саны – 2395. Оның 6542-і су өлшегіш құ­рылғысымен қамтамасыз етілсе, 853-де су өлшегіш құралы жоқ. Өткен жылы филиалдың жалпы шығыны 1 млрд 230 мыңнан асса, биылғы ұсыным бойынша 3 млрд 143 мың тең­ге жоспарланған. Оның негізгі бөлігі, яғни 47 пайызы жалақыны құрайды. 10 пайызы амортизация, 3 пайызы салық, 7 пайызы электр энергия, 7 пайызды өзге шығындар, 5 пайызы материалдық шығындар және т.б.

Қазіргі кезде ауданда аталған мекеме­де 156 адам жұмыс істесе, оның кәріз жү­йесіне жауаптысы – 16 адам. Өткен жылы қызметкерлердің орташа жалақысы 113 мың 438 теңгені құраған. Биыл жалақы мөлшері 20 пайызға артып, орташа мөлшері 132 мың теңгені құрап отыр. Жаңа ұсыным бойынша 233 мың 579 теңге.

Бас инженердің айтуынша, ауыз суға бе­кітілген төлем 2017 жылы бір текше метр­ге 345 теңге болса, қазір керісінше төмендеп төлем 325 теңгені құрайды. 2006 жылдан бері тұрғындар әрбір тұтынған текше метр су үшін 30 теңге көлемінде ғана төлейді, қалғаны субсидия есебінен төленеді. Бекітілген нормаға сәйкес бір адам күніне 140 литр тұтынады, яғни бір айға 4,3 текше метр су белгіленген.

Филиалдың жобалық орташа босату тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз: суды ма­гис­трал­дық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметіне 956,74 теңгеге, суды таратушы желілер арқылы бе­ру қызметіне 861,99 теңгеге, сарқынды суд­ы бұру қызметіне 764,88 теңгеге көтеру ұсы­нылды.

Қазіргі таңда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес филиалдың та­рифтерін бекітуге ұсынған құжаттары қара­луда. Негізінен шикізат және материалдар, жанар-жағар май, энергия, жалақы, әлеу­меттік салық, ағымдағы жөндеу және т.б. баптары бойынша түзетулер қарастырылуда.

Жария тыңдау барысында тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалып, ауыз судың тіршілік нәрі екені, оның қадірін білу және үнемді падалану қажеттігі айтылды. Сын-ескертпелер жинақталып, нақты шешім осы жылдың 21 маусымында қабылданатын бо­лады.



Бибісара ЖАНӘЛІ
14 маусым 2022 ж. 695 0