Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Хабарландыру

Қазақстан республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 1 маусымдағы №22-НҚ бұйрығымен бекітілген «Нұра топтық су құбыры» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының ауыз суды магистралдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру қызметтеріне тарифтердің 2023 жылдың 6 маусымынан бастап қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.

Осыған орай, 1 текше метр ауыз судың бағасы ҚҚС қоса есептегенде 426,17 теңге (ҚҚС-сыз 380,51 теңге) болып бекітілді. Сондай-ақ сарқынды суды бұру қызметі жеке тұлға үшін 1 текше метрі ҚҚС қоса есептегенде 118,93 теңге (ҚҚС-сыз 106,19 теңге), бюджеттік және өзге мекемелер мен жеке кәсіпкерлер үшін 1 текше метрі ҚҚС қоса есептегенде 336,56 теңге (ҚҚС-сыз 300,5 теңге).

«Нұра топтық су құбыры» РМК-ның
«Арал» СЖКБД филиалы
«Сырдария ауданының оқшау сумен
жабдықтау жүйелерін пайдаланушы»
өндірістік бөлімшесі
03 маусым 2023 ж. 241 0