Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 30 қап картоп алған

30 қап картоп алған

Тереңөзек кентінен қосымша ашылған 2 гектар жердің екі тақтасына картоп егіп, мол өнім алған отбасылар көп. Мәди Раймов та сол отбасылардың қатарында болып, ала жаздай бақша, көкөніс өнімдерін егіп, оны күтіп-баптап, азаматқа тән еңбекқорлығымен танылды. Ол биыл да егін егуге ынта танытып отыр.

– Біз өзі сөзге жоқпыз, істің адамымыз, бауырым, – деп бас­тады Мәди бізбен әңгімесін. Сырт көзге жауырынды жігіттің епті екені көрініп-ақ тұр. Нағыз еңбек адамының бейнесі дерсіз. Мәди өзін төрт баланың әкесімін деп таныстырды. Қазір төрт баласы барлар көпбалалы отбасы болып саналады. Баланың аз немесе көптігі азаматтың еңбек етуіне тікелей байланысты болмаса да отбасының ырысын Жер-Анадан терген жігітағасының талабына сүйсіндік.

– Аллаға шүкір, былтыр екі тақтаға картоп егіп, 30 қаптай өнім алдық. Оны өзіміз тамаққа тұтындық. Қалғанын етжақын ағайынға кеусен ретінде үлестірдік. Артылғанын саттық. Әйтеуір еңбегіміз еш кеткен жоқ. Жергілікті әкімдікке рақмет. Олар бізге жер ашып беруге, су жеткізуге көп көмектесті. Бағдат Жақсылықұлымен сөйлессем, бұл іс биыл да жалғасады екен. Кетпен-күрегімізді дайындап, күннің жылынғанын күтіп отырмыз, – дейді Мәди Раймов.

Еңбексүйгіш азаматпен әңгімелесу барысында іске де епті, сөзге де шешен екенін аңғардық. Жылы жымиып алып әріден сөз бастағанда нағыз дала қазағына ұқсайды. Айтуынша, мал шаруашы­лығымен де айналысады екен. Одан бөлек аң аулауға да құмар екенін айтты.

– Төле биден «Азаматтың жақсысы қайсы?» деп сұрағанда, көпті көрген көреген би бабамыз «Адал еңбекті ту еткені» деп жауап беріпті. Еңбек ету – ырысты, берекені арттырады. Сондықтан масыл­дық­қа бой алдырмау керек. Ерте тұрып, кеш жатқаннан жаман болған адамды көргенім жоқ, – деп аяқтады еңбексүйгіш азамат өз пікірін.

Біз де талабын тау көрген жігітағасына зор денсаулық тілеп, еңбегінің жемісті болуына тілектестігімізді білдірдік. Лайым, Мәдидей азаматтар көп болса, уақытын адал еңбекке арнаса, мол өнімге кенеліп, оны өзі де тұтынып, өзгеге де үлестірген отбасылардың саны артар еді.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
05 наурыз 2024 ж. 202 0