Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » 100 гектарға бақша дақылдары орналастырылды

100 гектарға бақша дақылдары орналастырылды

Аймақ басшысының азық-түлік қауіпсіздігін және тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін қалыптастыру тапсырмасына сәйкес, аудан бойынша 210 гектар қосымша жерлер дайындалып, 90 гектарға картоп, 20 гектарға көкөніс, 100 гектарға бақша дақылдарын орналастырды.

Бүгінгі күні Іңкәрдария ауылдық округінің тұрғыны Ахметов Алтынбектің айтуынша отбасымен бірге 5 гектар жерге картоп, қауын, қарбыз өнімдерін егіп, жемісін көре бастады.

Алдағы күндері аудан орталығы Тереңөзек кентіне сатылымға шығару жұмыстарын жоспарлауда.

Бөлім тарапынан уақытша сауда орны мен қосымша сауда қатарларымен қамтамасыз ету ұсынылды.


Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі
16 тамыз 2022 ж. 890 0