Азық-түлік бағасы бақылауда
Сырдария ауданында баға тұрақтылығын назарда ұстау жүйелі түрде жүзеге асырылып отырады. Қазіргі уақытта нарық халықтың бүйірін қысып тұрғаны мәлім. Соған орай тиісті аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары бірлесіп әлеуметтік маңызы бар 19 өнімге маниторинг жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін сала мамандары Тереңөзек кентінде орналасқан бірнеше сауда орындарына барып баға тұрақтылығын бақылады. Өз кезегінде жеке кәсіпкерлер жергілікті тұрғындардың талап-тілегін жүзеге асыру мақсатында бірқатар өнімдердің бағасын түсіруде. Әрине, 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сатып алу бағасынан 15% асырмау маңызды рөл ойнайды.
Жалпы,аудан да үлгілі үрдіс қалыптасқандығын жұртшылық жақсы біледі. Яғни, осыдан 6 жыл бұрын Тереңөзек кентінде әлеуметтік дүкен пайдалануға берілген. Әлеуметтік дүкеннен аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасылар жеңілдетілген бағада – 50 және 25 пайызбен бірінші кезекте тұтынатын қажетті азық-түлікті сатып алады.
– Бүгінде Тереңөзек кентінде бірнеше сауда орындары жұмыс жасайды. Бәсеке болған жерде бағаның болуы да заңдылық. Бірақ, күннен-күнге тауар бағасы қымбаттап, нарықтағы бағаның өсімі анық байқалуда. Тұрғындардың қалтасына жүк түспеу үшін тауарды арзандату жолға қойылса дейміз. Әрине сала мамандарының маниторинг жұмыстарын жүргізгені құптарлық жағдай. Дегенмен, сауда орындарының иелері бақылау жұмыстарынан нәтиже шышғарса екен. "Айта-айта алтайды, Жамал апай қартайды" демекші, қарапайым халық қашаңғы бұл мәселені көтере бермек. Бағаның өсуі көп балалы отбасылардың да жағдайына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Өз кезегінде күн сайын бағаны тұрақтандыруға күш салып жүрген сала мамандарына айтар алғысымыз шексіз болмақ, – дейді бір топ кент тұрғындары.
Айта кетейік, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес бағаға қатысты заңбұзушылықтарға тиісті жауапкершіліктер көзделген. Сол аталған заң бұзушылықтар анықталған жағдайда бағаны негізсіз көтергендер жауапкершіліктен құтыла алмайды.