Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баға тұрақтылығы – басты назарда

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Елде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты баға тұрақтылығын ұстау – басты назарда. осыған орай Аймақта азық-түлік қорын молайтып, бағасын тұрақтандыру шаралары қабылдануда. Аймақ диқандары ақ күріштен өткен жылдан кем өнім алмауды жоспарлап отыр.

Баға тұрақтылығын ұстау, сауда орындарында тауар құнын негізсіз өсіруге жол бермеу мақсатында аудан әкімдігі мен ауыл шаруа­шылығы бөлімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізіп келеді. Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бо­йынша жұмыс жасайтын арнайы штаб мүшелері сау­­да үйлері мен орталық базардағы бағаларға бақылау жасауда. Сала мамандары сауда орындарының сауда құнын негізсіз өсіруге жол бермеу үшін жеке кәсіпкерлерге арнайы үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынған. Бүгінгі нарықта маусымдық тауар құнының өзгеруін жиі байқауға болады. Сондықтан да осы күні елімізде өндіріліп жатқан азық-түлік тауарларына бағаны өсірмеу маңызды.

– Тереңөзек кентіндегі «Серікбол» сауда орталығында: бірінші сортты бидай ұны, келісі 156 теңгеден, бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанының 1 данасы 70 теңгеден, тазартылған күріш келісі 250 теңгеден (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), құмшекер келісі 215 теңгеден, тауық жұмыртқасы (І санатты) ондық 230 теңгеден, күнбағыс майы 400 теңгеден, ас тұзы («Экстра»-дан басқа) келісі 45 теңгеден сатылуда. «Жазира» сауда үйінде: бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанының 1 данасы 70 теңгеден, тазартылған күріш (домалақ дәнді өлшеніп салынатын) келісі 250 теңгеден, тауық жұмыртқасы (І санатты) ондық 220 теңгеден, күнбағыс майы 385 теңгеден, ас тұзы («Экстра»-дан басқа) келісі 45 теңгеден сөрелерде тұр. Ал «Ақ жол» азық-түлік дүкенінде: бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанының 1 данасы 70 теңгеден, тазартылған күріш келісі 250 теңгеден, тауық жұмыртқасы (І санатты) ондық 230 теңгеден, күнбағыс майы 400 теңгеден, ас тұзы («Экстра»-дан басқа) келісі 45 теңгеден сатылымда бар. Сонымен қатар аудан орталығында орналасқан сауда үйі иелерінен алынған мәліметтері бойынша қолда бар азық-түлік өнімдерінің қорлары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдануда, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің статист маманы Ғалым Қайырбеков.

Бүгінгі күнге қолда бар азық-түлік өнімдерінің қордағы көлемі 123 тонна екен. Десе де халық күнделікті тұтынатын тағам түрлері мен көкөністер және өзге де өнімдердің бағасы кейде төмендеп, кейде күрт өсіп кетіп жататынын айтады. Дегенмен мамандар баға тұрақтылығына қатысты уәждермен бөлісуге дайын. Сондықтан баға тұрақтылығына қатысты ел арасында түрлі пікірлер қалыптасуда. Оған жол бермес үшін мамандар әлеуметтік желі мен жергілікті басылым беттерінде апта сайын мониторинг қорытындысын жариялап отырса, нұр үстіне нұр болар еді.

Фатима МАРАТҚЫЗЫ

08 тамыз 2020 ж. 745 0