Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық - түлік өнімдерінің бағасы басты назарда

Азық - түлік өнімдерінің бағасы басты назарда

Кеше аудан әкімі М.Ергешбаев халықтың күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры мен бағасын білу мақсатында Тереңөзек кентіндегі бірқатар сауда нысандарын аралап көрді.

Аудан басшысы сауда нысанын аралау барысында дүкен иелерімен сөйлесіп, бағаны негізсіз өсірмеуді тапсырды. Және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік сауда бұрышын «Байқоңыр» ӘКК-мен бірлсіп ашуды ұсынды.

Өз кезегінде дүкен иелері аудан орталығындағы сауда орындарына тұрғындарға қолжетімді бағада балғын және сапалы өнімдер Түркістан облысынан тікелей әкелетіндерін айтты.

Айта кетейік, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан төмен бағада ұсыну үшін ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Тереңөзек кентінде жәрмеңке ұйымдастыру жоспарлануда.






Сырдария ауданының әкімдігі

11 мамыр 2022 ж. 574 0