Мобильді топ мүшелері баға тұрақтылығын бақылады
Баға тұрақтылығын сақтау мақсатында Сырдария ауданының әкімдігі жанынан құрылған мобильді тобы аудандағы ірілі-ұсақты азық-түлік сататын дүкендердегі 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне мониторинг және азық-түлік өнімдерінің сатып алу бағасынан 15 пайыздан асырмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, «Серікбол» сауда орталығында 1 келі күріштің бағасы 350 теңгеден 320 теңгеге, бірінші сұрыпты бидай ұнының 1 келісі 247 теңгеден 210 теңгеге, күнбағыс майының литрі 840 теңгеден 760 теңгеге, «Жазира» сауда дүкенінде 1 келі күріштің бағасы 350 теңгеден 300 теңгеге, құмшекер бағасы 1 келісіне 530 теңгеден 500 теңгеге төмендеді.
Аудан кәсіпкерлерінің назарына «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес «Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының 15% аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді» делінген.
Осы Заңның 8-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ӘМАТ рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекітеді.
Сонымен қатар, жергiлiктi атқарушы органдар ӘМАТ рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары және сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес бағаға қатысты заңбұзушылықтарға тиісті жауапкершіліктер көзделген.