Президент Қ.Тоқаевтың еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге ала отырып, төтенше жағдайдың режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қолды қойды. Бұл дұрыс қадам, халықтың денсаулығын, ұлттың салауатын сақтау деп білемін....
Күні кеше ел Президенті жариялаған кезекті Үндеуін оқып, таныстым. Иә шын мәнінде қауіпті індеттің соңы қайғылы жағдайға әкелмес үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Бұл ең алдымен індеттің жаңа ошақтарының шықпауының жолын кеседі. Адамның денсаулығына қатер төндіретін вирусқа жеңіл қарауға...
Бүгінде екінің бірі ашушаң, ауыр сөз көтере алмайтын хәлге жеткен. Қит етсе, «жүйкемді тоздырма», «ашуыма тимеші» деп бір-бірін жағасынан алуға құмар. Бұл тіпті бесіктен белі шықпаған балаларға тән ауруға айналды. Оның басты себебі неде? Жүйкесі жұқарып, күйзеліске ұшырап жүргендер кім? Әлемдегі ең қауіпті...
Өзге жандарға шынайы жан ашу, әлеуметтік теңдікке сену, өз елінің әлеуметтік өміріне әсер етуге талпыну, жеке және әлеуметтік үдерістерге қызығушылық – бұл әлеуметтік қызметкердің бойында болуы тиіс қасиет. Мұнымен қоса ұжымда жұмыс істеу қабілеті, дағдарыс жағдайында жұмыс істей білу және сөзбен көп нәрсені...
Қасиетті Рамазан айына байланысты аудандық газеттен арнайы айдар ашып, жұртшылық арасында оразаға қатысты көп талқыланатын сұрақтарға жауап беру жөнінде аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Асхат Асқарұлымен келіскен едік....
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Сан сұрапыл сындардан өтіп, кескілескен шайқастарда ерлікпен де, еңбекпен де жеңіске ұмтылған өр рухты, ер мінезді батырларымыздың армандары орындалған кез. Ұлы Отан соғысы естен кетпес, адамзат тарихында теңдесі жоқ соғыс болды....
Ұлы Жеңістің 75 жылдық айтулы мерейтойы қарсаңында қолға қалам алып, аудандық газетке мақала жариялауды жөн көрдім. Себебі әкемнің бауыры Серікбай Палымбетов Жеңіс туын желбіреткен жауынгер еді. Ол кісінің қиындыққа толы өмірі, майдан даласындағы ерлігі және соғыстан кейінгі ел үшін жасаған адал еңбегі...
Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл. Қан майданда талай боздақ ерліктің ерен үлгісін қалдырды. Дүниежүзін дүр сілкіндірген зұлмат соғыстың бел ортасында менің атам – Бәкір Өтепов те болған еді. Теледидардан Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлер ерлігін айтқанда, біз де нағашы атамызды мақтанышпен еске...
Еліміздегі әр отбасынан кем дегенде бір адам Ұлы Отан соғысына аттанып, қан майданда өшпес ерлік көрсетті. Бозбала шағында жұмысқа тартылып, кейін сұрапыл соғысқа аттанып, қиын-қыстау заманның бұлыңғыр тұстарын басынан өткергендердің қатарында менің қайын атам Сәрсенбай Баяханов та бар....