Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде 11 медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде 11 медаль жеңіп алды

Албанияның Тирана қаласында күрес түрлері бойынша рейтингілік турнир аяқталды. KAZINFORM

Қазақстан құрамасы аталмыш жарыста барлығы 11 медаль жеңіп алды.

Әйелдер күресінде Зейнеп Баянова (50 келіге дейін), Лаура Алмағанбетова (55 келіге дейін) және Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) алтын медальға қол жеткізді. Сонымен қатар Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Грек-рим күресінде Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) чемпион атанды. Марлан Мұқашев (55 келіге дейін) мен Ернұр Фидахметов (63 келіге дейін) үшінші орынды иеленді.

Еркін күрес бойынша Болат Сақаев (86 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық балуан қыздың әлемдік бәсекеде қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз. 

Фото: ҰОК

02 наурыз 2026 ж. 41 0