Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық денсаулығы басты назарда

Халық денсаулығы басты назарда

Президент Қ.Тоқаевтың еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге ала отырып, төтенше жағдайдың режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қолды қойды. Бұл дұрыс қадам, халықтың денсаулығын, ұлттың салауатын сақтау деп білемін.
Бұл жолы да Президент қандай жағдай болмасын, әрдайым халқымен бірге, әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ екенін атап өтіп, осындай қиын сәтте ел-жұртты сабырға шақырды. Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тиімді пайымдай келе, кәсіпорын басшыларына және жергілікті атқарушы органдарына жеке жауапкершілік жүктей отырып, мемлекет тарапынан уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатынын жұмылдыратынын атап өтті. Еліміздің әрбір тұрғынына барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізу қажеттігін, пандемия шеңгелінен құтылу бәрімізге ортақ міндет екенін жеткізді.
Халыққа карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзхіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін түсінгеніміз жөн.
Мемлекет басшысы әрдайым халықпен бірге екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Көбі өтіп, аты қалған індетте бірлігіміз басым болып, жұдырықтай жұмылғанымыз жөн. Біз біргеміз!

Салтанат Бекжүнісова,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөлім басшысының орынбасары 

28 сәуір 2020 ж. 494 0