
Әзиз аналар ән қанатында қалықтайды
Осы аптада берекелі Бесарық ауылында керемет шығармашылық кештің шымылдығы түрілді. Ырзық-несібесін жерден терген ауыл аспанында ән қалықтап, дәстүр сабақтастығы жаңғыра түсті. Бесарық ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жаншуақты» әжелер ансамблінің «Әжелер ән салғанда» тақырыбында концерті өткізілді....















