Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » «Сыр жұлдыздары» өнер фестивалінде жеңімпаз атанды

«Сыр жұлдыздары» өнер фестивалінде жеңімпаз атанды

Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аймақтағы ерекше қабілетті жастардың шығармашылық қабілетін шыңдау, әлеуметтік белсенділігін арттыру және қолдау білдіру мақсатында «Сыр жұлдыздары» өнер фестивалі ұйымдастырылды.

Фестиваль барысында ерекше қамқорлық пен қолдауға мұқтаж жиырмадан астам өнерпаз «вокал», «хореография» және өлең оқу номинациялары бойынша өз өнерлерін көрсетіп, сынға түсті.

Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов ауылдық округінен Ақмаржан Туарбек «хореография» номинациясы бойынша қатысып, I орынды қанжығасына байлады.

Ақмаржан Туарбек арнайы диплом және бағалы сыйлықпен (тоңазытқыш) марапатталды.

Жеңімпазды жеңісімен құттықтап, деніне саулық, өнеріне толағай табыс, отбасына амандық тілейміз!

Сырдариялық Ақмаржан Туарбекпен фестивальге бірге барып, қолдау білдіруші А.Тоқмағамбетов ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі маманы Ерлан Нұрланұлына алғысымызды білдіреміз!

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
06 қараша 2022 ж. 461 0