Канадада әскери базадағы өрттен 7 адам қаза тапты
Канададағы Уэйнрайт әскери базасында болған жарылыс пен өрт салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.База орналасқан Альберта провинциясында соққан екпінді жел жалынның тез таралуына себеп болғаны атап өтілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Марк Карни X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
«Альберта провинциясындағы Канаданың Уэйнрайт Қарулы күштері базасында ірі өртке себеп болған ауыр оқиға болды», деп жазды ол.










