Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Қазақстанда «Astana Piano Passion» жас пианиношылар конкурсы басталды

Қазақстанда «Astana Piano Passion» жас пианиношылар конкурсы басталды

Қазақстандық жас таланттарды анықтау және фортепиано өнері саласындағы жас музыканттардың шығармашылық өсуіне жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан «Astana Piano Passion» жас пианистер байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, байқаудың міндеті - Қазақстандағы ұлттық «фортепиано мектебін» дамыту және балалар музыкалық және мамандандырылған мектептерінің, өнер мектептерінің, сондай-ақ басқа да қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары арасында орындаушылық өнер деңгейін арттыру.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 19 қыркүйектен 25 қазанға дейін жүргізілді. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде іріктеу туры жүріп жатыр.

Байқау Қазақстанның 7 жастан 17 жасқа дейінгі жас пианистері арасында келесі жас санаттарында өткізіледі:

- 7 жастан 10 жасқа дейінгі кіші санат;
- 11 жастан 14 жасқа дейінгі орташа санат;
- 15 жастан 17 жасқа дейінгі аға санат.

Конкурстың жартылай финалы-іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларды тыңдау, шеберлік сыныптарын өткізу Астанада 2022 жылдың соңында өтеді. Гала-концерт және жеңімпаздар мен дипломанттарды салтанатты марапаттау рәсімі 2022 жылдың 23 қарашасында елордада өтеді.

Байқау қазылары алқасының құрамына Қазақстанның жетекші мәдениет және өнер қайраткерлері мен фортепиано өнері саласындағы халықаралық байқаулардың лауреаттары кірді.
06 қараша 2022 ж. 657 0