Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениет майталманы отбасымен бірге таңдау жасады

Мәдениет майталманы отбасымен бірге таңдау жасады

Бүгін елімізде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде.

Өз кезегінде мәдениет саласының майталманы Сансызбай Сәдуақасұлы отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасаған болатын. Берекелі шаңырақта бірнеше өнерпаз бар. Өнерлі отбасы мүшелері сайлауға белсенді түрде келуде. Берекелі шаңырақтың қазыналы қарттары ұлы Талғат пен келіні Айжанды жандарына ерте келіпті. Ұстаздар әулеті игілікті істерімен көпке үлгі болып келеді.  Біз қашанда мерейі тасыған отбасыларды мақтан тұтамыз. Олардың осы кезге дейін жасаған істері баршаға үлгі. Осындай  маңызды күнде өнерлі отбасы мүлдем қалыс қалмайды. Барлық отбасыларды өздері секілді дауыс беруге шақырады.

Айта кетейік, Сансызбай Сәдуақасұлы жетекшілік ететін «Сәдуақасовтар» отбасылық ансамблі облыстық байқауда Мүл­каман Қалауовтың күйі «Той», халық әні «Қарай көзім», жеке дауыста Қаламқас Сәдуақасова, Виктор Зубковтің «Встреча», Бақтыбайдың күйі «Әуен» шығармаларын орындады. Негізінен, «Сәдуақасовтар» отбасылық ансамблі 1998 жылы құрылған. Құрамында 15 мүше бар. Аудан атын республика көлемінде шығарып жүрген отбасылық өнер ұжымына дәстүрлі және патриоттық әндендерді ұлттық нақышта орындап келеді.
20 қараша 2022 ж. 384 0